Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот шешімі орындалуымен құнды

Сот шешімі орындалуымен құнды

Сот шешімін орындау тәртібі – syrboyi.kz Сот шешімі – сот жұмысының ең негізгі түйіні. Сотқа жүгінген азаматтар өз құқығының мінсіз қорғалып қана қоймай, судья шығарған шешімнің дер кезінде орындалғанын қалайды. Өйткені сот актілері орындалуыменқ ұнды.
          Азаматтар медиациялық келісімге келу, татуластыру туралы ұсыныс жасалғанда ең алдымен сот шешімінің орындалатынына күмәні болғандықтан, бітімге келуден бас тартып жататын. Бірақ, «Медиация туралы» заңның тәртібін түсіндіріп, сот шешімін орындауға қатысты талаптардың пәрменіне көзі жеткен соң, медиациялық келісімге келуге ынтатанытатын болды. Медиацияның сотқа жүгінуден артықшылығы да осында.
           Мәселен сот процесі біраз уақытқа созылып, әуре-сарсаңы көп болса, медиацияда тараптар тез арада уақыт пен қаржысын үнемдей отырып дауды шешуге қол жеткізеді. Бұған қоса, сот барысында тараптар өзінің талабын дұрыс деп, сөзге келетін, сыйластықтан кететін болса, медиация барысында ортақ мәмілеге келетіндіктен, өзара сыйластыққа сына түспейді. Сот барысында тараптар арасындағы дау ашықталқыға салынады, ал медиацияда құпиялық сақталады. Ең бастысы, сотта біртарап жеңіліп, екінші тарап жеңілсе, медиацияда жеңілген тарап болмайды. Өзара келісімге келгендіктен, сот шешімі де еш кедергісіз орындалады.
           «Медиация туралы» заңның 175-бабында «Татуласу келісімін жасау» тәртібі дәйектелген. Осы баптың 3-бөліміне сәйкес, татуласу келісімін сот бекітеді. Бұл келісімде шешімді орындау мерзімі мен тәртібі көрсетіле отырып, тараптар бітімге келген шарттар толық қамтылуы тиіс. Татуласу келісімін кейінге қалдыру шартымен жасауға жол берілмейді. Сот татуласу келісімін жасаған кезде тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндіреді. Заңның 178-бабында татуласу келісімін орындаудың тәртібі көрсетілген. Осы бапқа сүйене отырып, татуласу келісімін жасасқан тұлғалар келісімді көзделген тәртіп пен мерзімдерде ерікті түрде орындауы тиіс. Ал егер келісім көрсетілген мерзімде ерікті түрде орындалмаған жағдайда сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатылады.
           Сондықтан, азаматтар татуластыру келісімін, медиациялық келісім жасаудан қорықпауы керек.
Г.С.Косжанова
Шиелі аудандық сотының бас маман
сот отырысының хатшысы
31 мамыр 2024 ж. 176 0