Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМ ХАЛҚЫНЫҢ 10-12%-Ы СОЛАҚАЙЛАР

ӘЛЕМ ХАЛҚЫНЫҢ 10-12%-Ы СОЛАҚАЙЛАР

Кейде қасыңдағы адамның сол қолмен жұмыс істеп отырғанын көрсең, таңырқап қарап қаласың. Мәселен, өзің сол қолмен жазып немесе тамақ ішіп көрсең, істей алмайсың. Осыдан-ақ солақай жандардың ерекше қасиетке ие екенін аңғаруға болады.
Солақайларды жазғыра алмаймыз, оны өздері таңдап алмады. Олар өздеріне қай қолы ыңғайлы, сол қолмен әрекет қимыл жасайды. Қоғамда солақайлықты осалдық санап, солақай жандарға үрейлене қарайтын көзқарас жоқ емес. Баласының қасықты сол қолмен алып, тамақ ішіп отырғанын намыс көріп, «оң қолыңмен іш» деп талап қоятын ата-аналар да кездеседі. Кезінде сол қолмен жазатын адамдарды ауру деп есептеп, анамолия деп сырқатқа атау берген. Бүгінде медицина ғылымы солақайлық ешқандай кемістік емес, ол табиғи қалыпты жаратылыс екенін дәлелдеді. Ол баланың дағдылануынан ғана емес, дүниеге келгенде солай жаратылып тууына байланысты дейді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, солақайлар осыдан жиырма жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге көбейіп келеді екен. Әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар.
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді. Күн санап қарыштап дамып келе жатқан ғылым құрсақта жатқан жас сәбидің солақай немесе оңқай екенін небәрі 10-11 аптада анықтайтын дәрежеге жетіп отыр. Ана құрсағында жатқан нәресте оң қолының бас бармағын сорса – оңқай, сол қолының бармағын сорса – солақай болып дүниеге келетін көрінеді. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, солақай болып туылған сәбилердің ми құрылымының дамуы алғашқыда баяу болып көрінеді, кейін уақыт өте келе бұл жағдай білінбей кетеді.
Мақаланы жазбас бұрын осы тақырып аясында көп ақпараттар қарадым. Тіпті таныстарымнан солақай жандарды іздеуге кірістім. Нәтижесінде таптым. Ұжымдағы журналист Сұлушаш Мадиярованы айтуымызға болады. Айрықша қабілетке ие. Барлығын тез қабылдап, жұмысты да шапшаң орындайды.
– Мен де солақайлар қатарына жатамын. Мектеп табалдырығын аттап, әріп үйренген сәтте бұл өзгешелік кері әсерін тигізе бастады. Бірақ, мен мойымадым. Мені көрген таныстарым «Сен неге оң қолыңмен жазбайсың?» деп те айтып жүрді. Мұндай кезде үнсіз қалатынмын. Солай күндер өте берді. Уақыт өте оң қолыммен жазуды үйрене бастадым. Өзімді қанша бейімдеуге талпынғаныммен, нәтиже болмады. Жазуым бұзылып, әріптердің реңі қашты, – деді әңгімесінде.
Солақайлар жайлы қызықты ақпарат та көп-ақ. Олар ғылым, өнер, спортқа жақын келеді. Әріптесім Сұлушаш өнерге жақын. Шығармашылықпен айналысқанды ұнатады. Табиғат пен тіршілік атаулыны жанындай сүйеді. Ол кісімен сырласқанның өзі бір ғанибет қой.

Айнұр ИБРАШ
20 мамыр 2024 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031