Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Солақайды сынама!

Солақайды сынама!

Өзім жүрген ортада ата-аналар немесе мұғалімдер солақай балаға оң қолымен жазуды үйретіп жатады. Мектеп қабырғасында солақай оқушыны сыныптастары әжуалайтынын да бірнеше рет көргем. Расында солақай болу кемшілік пе? 
Бұрын біздің қоғамда ғана емес, басқа елдерде де  солақайлар қауымына  теріс көзқарас болған. Ертеде солақайлықты кемістік көрген адамдар өздерін солақай жандардан аулақ ұстаған. Бір кездері оларға сотта куәгерлік етуге де тыйым салған көрінеді. Оларға әзәзіл деп айып таққан.  Мектептерде солақай оқушыларды оң қолымен жазуға, ал үйде ата-аналары оң қолымен жұмыс жасауды, тамақтануды талап етеді. 1985 жылы бірінші сыныпқа барған солақай оқушыларды оң қолмен жазуға қинаған. Кейін уақыт өте келе зерттеушілер солақай балалар мен басқа оқушылардың мінез-құлқында айырмашылық болатынын байқаған. Солақай балаларда көбіне сезімталдық басым болып, олар кішкентай кезінен басқа балалармен араласпай өзімен-өзі сурет салып, сызумен айналысатынын аңдаған. Әсіресе, музыка тыңдап, оны қайталап айтуға әуес болады. Олардың тілі кеш шығуы, кейбір сөздерді қате айтуы мүмкін. Бірақ кейіннен дұрыс сөйлеп кетеді дейді мамандар. Олардың сөзіне сенсек, солақай адамдар ‒ сенгіш, нәзік көңілді, көңіл-күйіне қарап қарым-қатынас жасайтын жандар. Олардың ішінде бетке шабатын, ашушаң, дөрекі, қайсар балалар өте аз кездеседі. Бүгінгі күні қинап оң қолымен әрекет еткізудің балалар психикасына кері әсер ететіні анықталды. Психолог мамандар солақайлар ерекше күшті мінез бен қарымды шығармашылық потенциалға ие деп санайды. Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп біледі. Ал солтүстік америкалықтар солақайларды жолы ашық адам ретінде бағалайды. Нью-Йорктегі Сэйнт Лоуренс универститеті ғалымдарының зерттеуінің нәтижесі бойынша ақылдылық коэффициенті солақайларда жоғарырақ болады екен. Мәселен, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин және Бенжамин Франклин солақай болған. Жалпы солақай адамдар тумысынан дарынды келеді дейді білетіндер. Себебі, ондай жандар өз мақсатына жету үшін әр қандай қиыншылықпен күресуге даяр. Жалпы айтқанда, солақайлардың дарынды болуы кездейсоқтық  емес, заңдылық. Себебі, солақайларда оң жақ ми бөлігі жақсы дамыған. Ал, оң жақ ми бөлігі ‒ шығармашылыққа яғни «елестету» қабілетіне ие. Солақайлар символды, образды, ақпаратты тез өңдейді, сонымен қатар параллель ақпаратты игеру олар үшін аса қиындық туғызбайды.  Сондықтан солақайлықты табиғат берген ерекшелік деп таныған дұрыс.
Аида АЙТБАЕВА, ҚМУ-дың студенті
13 маусым 2021 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930