ӘРКІМНІҢ ҚОЛЫНАН КЕЛЕ БЕРМЕЙТІН ІС

Думан Мырзалиев – Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының білікті маманы. Дәрігердің айтқандарын бұлжытпай орындап, ісін тиянақты істейді. Операциялық бокта мейіргер дәрігерлердің таптырмас көмекшісі. Олар түрлі жол көлік оқиғалары, өндірістік жарақаттар, спорттық, тұрмыстық және үлкен сүйектердегі ашық сынықтарға және кесір тілігі мен соқырішекпен келген науқастарға ота жасайды. Сондай-ақ емделушілерді отаға дайындайды және сол сәтте дәрігермен бірдей иін тіресе еңбек етеді. Думанның бұл саладағы тәжірибесі 4 жыл.
– Операциялық мейіргер – бұл хирургиялық топтың барлық мүшелерін байланыстыратын буын. Ол бүкіл операцияның барысын біліп қана қоймай, хирургке қай уақытта қандай құрал беру керектігін түсінуі қажет. Күрделі операциялар көбінесе толық тыныштықта өтеді. Хирург оған құралдардың ішінен не қажет екенін әлі айтпаса да, мейіргердің біліп берген кездері де болады. Оның кәсібилігі шұғыл жағдайларда өте маңызды, ол кезде барлық жағдайды бағалау және операцияға дайындау үшін бірнеше секундтар жеткілікті болуы мүмкін. Оперблоктың маманы болу әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл қиын жұмыс, әйтсе де ол жүректің қалауымен таңдалатын мамандық. Біздің жұмысымыз тепе-теңдікті, эмоцияларды ұстай білуді және жоспарлы операциялардан шұғыл операцияларға ауысу қабілетін талап етеді, – дейді ота мейіргері.