Дәрігердің дәрісі ғана емес, сөзі де ем
Адамзат тарихында екі ұлы мамандық бар. Бірі – ұстаздық, екіншісі – дәрігерлік. Бірі адамның үлкен өмірдегі орнын айқындап беретін бағдаршам іспеттес болса, екіншісі кеселмен күресіп, жанға шипа табатын асыл мамандық. Ал, қазан айының бірінші дүйсенбісі, яғни кеше Осы жолды таңдаған, адам жанының арашашысы болып жүрген ақ халатты абзал жандардың мерекесі.
«Дені сау адам – қоғам байлығы» деген халқымызда дана сөз бар. Сол байлығымызды сақтауға, сапасы мен санын арттыруға, халқымыздың дені сау, ойы сергек болып қалыптасуына дәрігерлердің үлесі көп. Бүгінде Шиелі ауданаралық аурухананың «Хирургия» бөлімінің ақ халаттылары ауыр жағдаймен түскен науқастарға қажетті ем-дом көрсетіп, аяғынан тік тұрып кетуіне қолдан келген көмегін жасап келеді. Иә, дертіне дауа іздегендер өзінің баға жетпес байлығын ақ халаттыларға алғаусыз сеніп тапсырады. Осыдан бір апта бұрын, денсаулығы сыр берген Әділхан аға, аудандық хирургия бөліміне ауыр жағдаймен түседі. Қатты қиналған ол білікті мамандардың арқасында қайтадан аяққа тұрды. Ақмая ауылының тұрғыны Әділхан Топиев науқастарды емдеуде күні-түн демей жанын салып қараған дәрігерлерге айтар алғысы шексіз. Аудандық хирургия бөлімінің меңгерушісі Бақытбек Жамантаев, сонымен қатар өз ісінің маманы болған білікті дәрігерлер Азамат Мақұлбеков, Талғат Ыдырысов, Дархан Мүрсәлиев, аға аяжан Оразкүл Аяпова, ем-шара бөлмесінің мейіргелерлері Злиха Сәрсенбаева, кезекші мейіргер Маржан Әлтаева, Думан Мырзалиев, Рахима Аширова, Әлия Нуралиева, Ақмарал Пернебекова, Балнұр Сағымбаева, Гүлжанат Жарасова, Шолпан Жақсылықова, тазалықшылар Тұрғанкүл Китанбаева, Ақмарал Төлегенова, Назира Балдыбаева, Майра Омарова, Базаркүл Тұрлыбекова, Шырынкүл Райханова, Әсия Мұсабаева және басқа да қызмет көрсеткен барлық медбикелерге риясыз пейілін білдірді.

– Олардың кәсібилігі, моральдық қолдауы, пациенттерге мұқият қарауы біз сияқты науқастарды толыққанды өмірге оралтады. Тәулік бойы олар өз денсаулығына қауіп төнсе де, бізбен бірге болады. Әсіресе, ел ішінде індет тарап жатқанда да олардың сертінен таңбай жұмыс істегені қуантады. Осындай білікті және қамқор жандардың ауруханада, ең қажет жерде жұмыс істейтініне қуаныштымыз. Хирургия бөлімінің барлық қызметкерлеріне қарапайым еңбек адамы ретінде ризашылығымды білдіргім келеді. Науқастарға деген мейірімділігі мен қарым-қатынасы медициналық емнен де асып түсті, – дейді Ә.Топиев разы көңілмен.
Неміс ойшылы Артур Шопенгауэр «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» дейді. Расында, жанды шүберекке түйіп, жүрек соғысы баяулап, тыныс тарылғанда аурудан айықсаң бақыт деген сол емес пе? Ал, сол бақытқа біз дәрігерлер арқылы қол жеткіземіз. Өмірге Алланың қалауымен келсек, кіндігіміз дәрігердің қолымен кесіліп, анамыздың құшағына сол ақ халаттылардың көмегімен құлаймыз. Сондықтан, жауапкершілігі сан сынақтармен сыналатын сала иелері қандай да болсын құрметке лайық.
Ш.Тілеубай