Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕТІГІ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕТІГІ

Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – бүгінгі күннің басты міндеті. Осы орайда ауданда 2021- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның іске асырылу барысын білмекке жұмыспен қамту орталығына хабарласқан болатынбыз.
Алдымен, статистиканы сөйлетсек. Ауданда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 36 213. Оның 34 406-сы жұмыспен қамтылған. 17754-і жалдамалы қызметкер болса, 16652- сі өз бетінше жұмыспен қамтылған екен. Ал аудандағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрап отыр. Биыл орталыққа 2589 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, 347 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналастырылса, 885 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (ақылы қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз мемлекеттік грант, алғашқы жұмыс орны, ұрпақтар келісім-шарты, Күміс жас) тартылды.
Саралап қарар болсақ, жұмыс қай жақтан іздесеңіз де табылады. Бастысы, ниет пен әрекет қажет. Аудандағы жұмыспен қамту орталығының жұмысы қауырт. Себебі халықпен тығыз байланыста болып, олардың жұмысқа орналасуына жағдай жасау оңай шаруа емес. Қазіргі таңда бизнес-идеяларды дамыту үшін қайтарымсыз гранттар беру жоспарына сәйкес, business. enbek.kz электронды ақпараттық порталы жұмыс істейді.
Қабылданған өтінімдер негізінде үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес, 151 азаматқа 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз гранттар беру жоспарлануда.
Сондай-ақ осы жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 57 азаматты жолдау жоспарланып, бүгінде 8 азамат сол арқылы жұмыс істеуде «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 47 азамат тіркеліп, жұмыс орнына 1 азамат жолданса, «Күміс жас» жобасы аясында 19 адам жұмыспен қамтылып үлгерген. Алдағы уақытта «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы арқылы 3 азаматты белгіленген жұмыс орнына жолдау жоспарда бар.
Орталықтың тағы бір мақсаты – жастардың «Қоғамдық жұмыс» және «Жастар практикасы» жобалары арқылы алғашқы жұмысқа орналасуына жағдай жасап, мемлекеттік гранттарды алуға бағыт-бағдар беру. Бүгінде жастар практикасына 365 азамат жолданып, 332 азамат (2023 жылдан келісімшарты өтпелі 299, 2024 жылы жолданғаны 33) уақытша негізде жұмыс істеуде.
Ақылы қоғамдық жұмыс орындарында 824 қызметкер әртүрлі техникалық құжаттарды түптеу-реттеу, санитарлық тазалық, сақшы-сарбаз, бақташы болып қызмет етеді.
Қоса кету керек, халықты жұмыспен қамту орталығына 78 еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, жұмыссыз ретінде тіркеліп, 5 азамат тұрақты жұмысқа жолданды. Ал 39 азамат ақылы қоғамдық жұмыста, 1 азамат әлеуметтік орындарда, «Күміс жас» жобасында 1 азамат және 3 азамат жастар практикасынан өтуде.
Расында, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты тұрақты жұмыспен қамту – маңызды міндеттердің бірі. Сол себепті бұл тақырып күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналған. Яғни, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға аса мән беру қажет. Ал бұл іске тікелей жауап беретін орталықтың жұмысы жүйелі, нәтижесі нақты.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
30 сәуір 2024 ж. 148 0