Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚМУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БОЛГАРИЯНЫҢ РУСЕ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚМУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БОЛГАРИЯНЫҢ РУСЕ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ



Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректоры профессор Қ.Бисеновтің басшылығымен университет делегациясы Русе қаласындағы Ангел Кынчев атындағы Русе университетінде болды. Русе қаласы Болгарияның Дунай өзенінің оң жағалауында орналасқан ең көрікті қалаларының бірі. Русе –көлемі бойынша Болгариядағы төртінші қала әрі Дунайдағы ең үлкен болгарлық порт және маңызды индустриалды және мәдени орталық, оның тарихы біздің дәуіріміздің 2-ші ғасырынан бастау алады.
Университеттің даму, үйлестіру және жалғасты білім жөніндегі проректоры, профессор, д-р Пламен Даскалов делегация мүшелерін университеттің оқу-материалдық базасымен, университеттің әсерлі суреттермен және СД-дискілерге жазылып, дауыстап айтып тұратын электронды мониторлармен заманауи стилде безендірілген музейімен таныстырды.
Университет ректоры, техника ғылымдарыныңдокторы, профессор, корреспондент-мүше Христо Белоев университетделегациясын өз кабинетінде қабылдады, онда екіжақты ынтымақтастық бойынша алдағы тұрған келіссөздер туралы әңгіме-сұхбат болып өтті. Әрі қарай университет ректоратында Русе университетінің барлық проректорларының қатысуымен достық жағдайда байсалды әңгімелесу болды.
Университет ректоры, профессор ХристоБелоевуниверситет туралы таныстырылым жасап, 72 жылдық тарихы бар және қарқынды дамып келе жатқан оқу орны туралы айтты. Русе университеті Болгарияның жетекші мемлекеттік университтерінің бірі болып табылады, оның бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламаларымен 8 факультеті, сондай-ақ Разград, Видин және Силистра қалаларында 3 филиалы бар. Ресми түрде Русе университеті бұрынғы Жоғары техникалық училищенің негізінде 12.11.1945 ж. құрылып, 01.08.1995ж. университет болып қайта құрылды. Русе университеті Болгарияның аккредиттелген алғашқы ЖОО-ның бірі болып табылады, ол 2012 жылы алты жылдық кезеңге толық институционалдық аккредиттеу алды. Қазіргі кезеңге техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық және басқа ғылымдар бойынша 50-ден астам PhD бағдарламалар аккредиттелген.
Қазір университетте 52 бакалаврлық бағдарламалар бойынша 7 мың студент және 140 магистрлік бағдарламалар бойынша - 140,50 білім бағдарламалары бойынша 170-ден астам PhD докторанттар білім алуда. Университеттің профессор-оқытушылық штаты 700-ге жуық адам құрайды, оның 37-і толық профессорлар мен докторлар, 159 доцент, оған қоса 329 адам PhD/доктор дәрежесі бар.
Университеттің халықаралық байланысы жыл өткен сайын дами түсуде. Эразмус+ бағдарламасы бойынша университет 50 елдің жоо-мен 450 келісімшарт, оның ішінде 10 келісімшарт Қазақстан университеттерімен жасады. Университетте 21 елден 300 шетелдік азамат оқиды.
Университет ғалымдары Еуропалық Одақтың 35 елінің ЖОО және компанияларымен 70 ғылыми жобалар орындайды, 15-тен астам ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді.
Көптеген белгілі саяси, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер Русе университетінде болып, құрметті доктор атағын иеленеді. Мысалы, Германия канцлері Ангела Меркель Русе университетінің құрметті докторы болып табылады. Университетте жыл сайын шет елдердің қатысуымен 20-дан астам халықаралық және ұлттық ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі.
Жоо ректорларының кездесуінде Қазақстан Республикасының Болгариядағы Дипломатиялық миссиясының жетекшісі Темиртай Рымтайұлы Ізбастин сөйлеп, ЖОО арасындағы әріптестік қатынастар орнатудың және білім сапасын арттыру, үздік тәжірибелерді беру мен тәжірибелер алмасу үшін университеттердің екіжақты ынтымақтастығыныңмаңызы туралы атап көрсетті. Ол Болгариядағы Қазақстан елшілігі Қазақстан мен Болгарияның ЖОО-ы арасындағы байланыстар мен халықаралық қатынастарды кеңейтуге барлық күшін салатынын атап өтті.
Өз кезегінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры, профессор Қ.А.Бисенов қонақтарды университеттің академиялық және ғылыми қызметімен таныстырып, университет ұжымының әлемдік білім кеңістігіне енудегі жетістіктері туралы айтып берді.
ЖОО ректорлары мен делегация мүшелерінің кездесуі халықаралық байланыстардың ең пәрменді түрлерінің бірі болып табылды, онда басшылар әрі қарайғы ынтымақтастықтың нақты шаралары туралы келісімге келді, жаңа ұстанымдар түзілді, әріптестік өзара қатынастың келешегі айқындалды. Болып өткен сапар мұны толықтай дәлелдеді.
Кездесуде білім мен ғылымның нақты салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі, академиялық ұтқырлық пен біліктілік жоғарылату бағдарламалалары, Эразмус+ бағдарламалары, бірлескен білім бағдарламалары және ғылыми-зерттеу жобалары талқыланды.
Русе университетінің ректоры профессор, техника ғылымдарының докторы Христо Белоевпен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры, профессор Қ.А.Бисенов салтанатты жағдайда екі университет арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастық туралы Келісімшартқа қолдарын қойды.
Ынтымақтастық туралы Келісімшартқа қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Болгариядағы Дипломатиялық миссиясының жетекшісі Темиртай Рымтайұлы Ізбастин, Русе Университеті Бас Ассамблеясының төрағасы профессор, д-р ВелизараПенчева, оқу ісі жөніндегі проректор, профессор Пламен Кангалов, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, профессор Диана Антонова, интернационалдандыру және коммуникациялық саясат жөніндегі проректор, профессор Юлиана Попова, даму, үйлестіру және жалғасты білім жөніндегі проректор, профессор Пламен Даскалов, бас хатшы, доцент, д-р Таня Грозева, ректорат мүшелері және басқалар қатысты.
Қол қою рәсімінен кейін университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор,корреспондент-мүше Христо Белоев делегация мүшелерін Болгария президенті Румен Радев мырза, Румыния президенті Клаус Иоханнесс мырза, Австрия президенті Александр Ван дер Беллен мырза қатысатын «Дунай аймағының орнықты дамуы» тақырыбына Халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.
ҚЫЗЫЛОДА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ-ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ
12 мамыр 2018 ж. 907 0