Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰҰ-ның штаб-пәтерінде «Университет 4.0.» атты қазақстандық ЖОО-ның жаңа даму үлгісі таныстырылды

БҰҰ-ның штаб-пәтерінде «Университет 4.0.» атты қазақстандық ЖОО-ның жаңа даму үлгісі таныстырылды





Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық форум өтті. Бұл бастаманы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұсынған. Ал идеяны БҰҰ Өркениеттер альянсы және Қазақстанның халықаралық ұйымдағы өкілдігі қолдады. Форумға қатысушылар «Университет 4.0.» атты қазақстандық жоғары оқу орнының жаңа даму үлгісімен танысты. Бұл жоба «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасына негізделіп жасалған. ҚазҰУ ректоры өз сөзінде ұлы философ Әл-Фарабидің  идеясына негізделген университеттің 4.0 жаңа моделін таныстырды. Қазақстандық жоғары оқу орнының бұл жаңа үрдісіне Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының Жоғарғы өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер қолдау көрсетті. Ол осы бастаманың маңыздылығына тоқталды. Және әлемнің басқа да университеттерін БҰҰ-ның «Жаһандық азаматтық» бағдарламасы аясында жастарды тәрбиелеуге нақты қадамдар жасау үшін біріктіруге шақырды. Насир Абдулазиз әл-Насер, БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғарғы өкілі: - ҚазҰУ-дың тәжірибесі мен бастамалары БҰҰ-ның «Академиялық ықпалы» ғаламдық хабының бағдарламалары үшін өзекті әрі сұранысқа ие. Ал Әл-Фараби мұрасы бүгінгі күнге дейін білімнің кемел күші болып табылады. Ғалым Мұтанов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры: - Қазіргі заманда университеттердің әрі қарай даму эволюциясында қандай модель болуы керек? Сол себепті біздің тарапымыздан «Университет 4.0» деген жаңа модель ұсынылды. Қазірге дейін білім-ғылым маңызды болып келсе, қазіргі бағытта рухани байлық, жастардың бойына рухани құндылықтарды сіңдіру – сол бағытта өзіміздің үлгімізді көрсетіп, жақсы қолдау тауып жатырмыз. «Университет 4.0» үлгісі аясында Қазақ ұлттық университеті «Al-Farabi university smart city» бірегей жобасын жүзеге асырып жатыр. Сондай-ақ БҰҰ Бас ассамблеясының 66-сессиясында Қазақстан Президенті ұсынған «Жасыл көпір» бастамасын іске асыруға бағытталған «Жас ұрпақ арқылы жасыл көпір» бағдарламасы іске қосылмақ.

24.kz
08 мамыр 2018 ж. 1 046 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930