Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘРТІП ПЕН БІЛІМ ТЕҢ ТҰРСА...

ТӘРТІП ПЕН БІЛІМ ТЕҢ ТҰРСА...

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасы бойынша ақпан айының 5-8 күндері аралығында «Білімді ұрпақ. Адал адам. Өркениетті қоғам» тақырыбында Шиелі ауданның білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы кеңейтілген кездесулер өткізілді.
Аудандағы мектеп директорларының мәліметін тыңдау аудандық білім бөлімінің бас мәліметін тыңдау аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратовамен келісіліп, дайындық жұмысын, мектептермен кездесу кестесін аудандық білім бөлімінің бас маманы Талғат Бөпежанов дайындады.
Бұл кездесуге Шиелі аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, аудандық білім бөлімінің бас маманы Талғат Бөпежанов, Шиелі индустриалды­аграрлық Бөпежанов, Шиелі индустриалды­аграрлық колледжі директорының орынбасары Бахтияр Дайрақұлов, №46 А.С.Пушкин атындағы қазақ орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Шиелі кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Күлімбет, аудандық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Ынтымақ Қаппаров, аудандық «Өскен өңір» қоғамдық­саяси газетінің аудандық «Өскен өңір» қоғамдық­саяси газетінің тілшісі Мейіржан Ибрагимов және тағы басқа сала
мамандарынан мобильді топ құрамы жасақталды.
Кездесуге мектеп директорлары, ата­аналар академиясының комитетінің төрағасы, «Даналық» мектебі, «Әкелер» мен «Аналар» мектебі, Қамқоршылық кеңесінің төрағалары, ауылдық ардагерлер және әйелдер кеңесінің төрағалары, кент, ауыл әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары шақырылып, ауылдық учаскелік инспекторлары мен кенттегі мектеп инспекторлары қатысты.
Жоспарланған кездесу 5 ақпан күні Сұлутөбе ауылындағы №41 мектептің мәжіліс залында өтті. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил сөз алып, мақсатымен таныстырды. Атқарылған жұмыстары жайлы №40,142,41 мектептің директорлары баяндама жасады. Бұл жиынға Сұлутөбе ауылдық округі бойынша сайланған аудандық мәслихат депутаты Дихан Әубәкіров пен жастар ресурстық орталығының директоры Ержан Әбдешов қатысты.
Түстен кейінгі кездесу Тартоғай ауылында жалғасын тапты. №153 мәжіліс залына №141 және №228 мектеп директорлары келіп, хабарлама жасады. Мобильді топ құрамы олардың атқарған жұмыстары бойынша сауалдарын қойып, талдау жасап отырды. «Сұлутөбе» ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алмасбек Спатаев, «Тартоғай» ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Пірімбет Басаман бала тәрбиесі жөнінде өз ойларын ортаға салып, мектеп жасындағы бала тәрбиесін басты назарда ұстау қажетін айтты.
– Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың құқық бұзушылығы көбейіп барады. Атап айтар болсақ, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің электронды темекіге тәуелді болуы, бір­біріне әлімжеттік көрсетіп ақша бопсалауы, мектеп жасындағы қыз балалардың жүкті болуы секілді қылмыстарды естіп­көріп жүрміз. Мұндай келеңсіздіктің алдын алу үшін ата­аналар мектептегі ұстаздармен тығыз байланыста болып, бірігіп жұмыс атқаруы тиіс, – деді аудандық білім бөлімінің бас маманы Т.Бөпежанов.
Кезекті жиын 6 ақпан күні «Ортақшыл» ауылындағы мәжіліс залында өтті. Онда №150,151 мектеп директорлары баяндама жасады. Кездесуге «Жөлек» ауылдық округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Қанат Сәулебеков пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбласан Жүсіпов ақсақал оқушылардың білімі, тәрбиесі жөнінде ойларын ортаға салды.
Бала би ауылында өткен кездесуге «Талаптан» ауылдық округінен сайланған депутат, аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков келіп, жиынды жүргізді. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтмағанбет Жұманазаров және топ мүшелері бала тәрбиесіне қатысты ойларын ортаға салды. №50, №152, №251 мектеп директорларына сұрақтарын қойып, алдағы
жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай­ақ «Ортақшыл» ауылдық округінің әкімі Жақсылық Ноғайбаев пен учаскелік инспекторы, полиция подполковнигі Руслан Ауланбергенов көпшіліктің сұрақтарына мардымды жауап берді. Бала би ауылындағы әйелдер кеңесінің төрайымы Күлайхан Әшірбекова ауылдағы музыка мектебінің филиалын жеке­дара мектеп етіп ашу туралы және жаңа салынған емханаға бұрынғы дәріхананы көшіру жайлы ұсынысын жеткізді.
Келесі күнгі жиналыс «Еңбекші» ауылындағы №159 мектепте №84 негізгі мектеп, №206 «Жиделіарық» орта мектебінің директорлары атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Кездесуге аудандық мәслихат депутаты Болат Сүлейменов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхмедәлі Бекқожаев және мобильді топ мүшелері Болат Күлімбет, Талғат Бөпежанов әр мектептің жетістігі мен кемшін тұстарына талдау жасап, тапсырмалар берді. Алпысқа жуық адам қатысқан кездесуде Шиелі индустриалды­аграрлық колледжі директорының орынбасары Бахтияр Дайрақұлов жасөспірімдерді кәсіптік білім алуға шақырды.
Мобильді топтың келесі бағыты «Ақмая» ауылы №49 орта мектебінде жалғасты. Оған №158 мектептің директоры, Ш.Қодаманов ауылының әкімі Болат Баймағамбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бодыбай Құлахметов, «Ақмая» ауылының әкімі Бағлан Сағындықов, аудандық мәслихат депутаты Дәурен Досмағамбетов мен «Ақмая» ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжетай Палмағанбет және арнайы топ Болат Күлімбет, Талғат Бөпежанов, Бахтияр Дайрақұловтар тәрбие мәселесіне кеңінен тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Алмалы» ауылындағы жиынға №181, №155, №243, №130 мектептің директорлары қатысып, берілген уақыт бойынша хабарлама жасады. Мобильді топ мүшелері сұрақтар қойып, №46 мектептің қамқорлық кеңесінің төрағасы Болат Күлімбет өзінің жұмыс тәжірибесін ортаға салды. Кәсіптік білім, бала тәрбиесі жайлы Бахтияр Дайрақұлов, ата­аналармен жұмыс туралы «Алмалы» ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбек Мұхтаров, аудандық мәслихат депутаты Асқар Бердібаев және ауылдағы мектептің жай­күйі мен ата­аналардың мұғалімдермен байланысы жайында ауыл әкімі Өмірхан Әбдікәрімов сөз сөйлеп, қорытынды жасады.
Әбілда Тәжібаев ауылында өткен кездесу №214 мектептің мәжіліс залында өткізілді. Мектеп директоры Бақытжамал Қалдыбекова мен №205 мектеп директоры мобильді топ мүшелерін қарсы алып, жиында өз баяндамаларын жасады. Ә.Тәжібаева ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Халықберген Тұрсынбетов, «Бестам» ауылының шаруа қожалығының төрағасы Балтабай Қошқаров, Ә.Тәжібаев ауылының әкімі Әлібек Сәрсенбаев мектептегі балалардың білім алуы, ұстаз, бала тәрбиесіндегі ойларымен бөлісті.
8 ақпан, яғни қорытынды кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков төрағалық етті. №149 мектепте өткізілген жиынға №157 және №207 мектеп директорлары келіп, хабарламаларын жасады. Мобильді топ Ө.Исмаил, Б.Дайрақұлов, Б.Күлімбет, Т.Бөпежанов және ауыл әкімі Орал Ержан тақырып аясында сөз сөйлеп, мұғалімдердің жауапкершілігі, ұрпақ тәрбиесі жайлы пікірлерін айтты.
«Бидайкөл» ауылындағы кездесу №148 мектепте өтті. Онда №148, №156, №241 мектеп директорлары баяндама жасап, мәліметімен бөлісті. Аудандық мәслихат депутаттары Болат Сүлейменов, Мұхамеджан Салқынбаев және топ мүшелері Ө.Исмаил, Б.Дайрақұлов, Б.Күлімбетов сөз сөйледі. Жаңадан сайланған ауыл әкімі Серік Жүсіпов те келелі кездесудің төрінен орын алды.
Төрт күнге жоспарланған мобильді топтың мүшелері №46 мектепке табан тіреді. Бұл кездесуге №45,46,47,48,127,219,244,270 мектептердің директорлары қатысты, барлығы да өз хабарла­маларын ортаға салды. Аудандық мәслихат депутаттары Қазыбек Шәукебаев, Нұргүл Шалекеева, Қанат Жүсіпов жасөспірімдер тәрбиесіне ерекше назарда ұстау керек екеніне тоқталды. Аудандық полиция бөлімінің жасөспірімдер жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Абай Мәдиев балалармен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде сөз қозғады. Кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Күлімбет мектеп директорларын оқушыға саналы, сапалы білім мен тәрбие беруге өз үлестерін қосуға шақырды. Жиын соңында арнайы құрылған топ мүшелері барлық мектеп директорларына оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші, сапалы біліммен қатар өскелең ұрпаққа жақсы тәлім тәрбие беру өте маңызды мәселе екенін ұмытпаған жөн.

М.ИБРАГИМОВ
13 ақпан 2024 ж. 287 0