Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы тағайындалды




Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов білім бөлімінің жаңа басшысы Жібек Баймұратованы көпшілікке таныстырды. Оған облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет, ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, кент пен ауылдық округ әкімдері, білім саласының ардагерлері, дербес бөлімдер мен мектеп және балабақша басшылары қатысты.
 
Аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы жаңа қызметтің тізгінін ұстаған Жібек Орынбайқызының білім саласында тәжірибесі мол маман екендігін атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

«Жібек Орынбайқызының ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі мол. Себебі бұл сала оған таңсық емес. Алғаш еңбек жолын да осы саладан бастап, директорлық қызметке дейін көтеріліп, абыроймен атқарды. Білім саласы біздің аудандағы ең ауқымды саланың бірі. Сіздің бұл салада жинаған тәжірибеңіз жеткілікті. Әріптестеріңізбен бірге нәтижелі жұмыс көрсетеді деп сенім білдіреміз. Жаңа қызметіңіз құтты болсын» – деді аудан әкімі.

Одан кейін сөз кезегі облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбетке берілді. 

«Бүгінгі заман білім беру жүйесі жан-жақты дамыған, өздігінен жұмыс істей алатын, үздіксіз білім алуға ынтасы бар жастарды дайындауды талап етеді. Себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында білім беру жүйесі жетекші рөл атқарады. Елімізде ондаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі білім беру моделі әлемдік көшке ілесуге ниетті. Ал оның алғышарттары жыл сайын қабылданатын мемлекеттік бағдарламалар. Бағдарламаның басты тетігі – білім, мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Демек, ұдайы дамып, үздіксіз жаңалықпен толығып отыруға бейім салмақты салаға артылған жүк те ауыр. Дәл осы бағытта Шиелі ауданы көлемінде де атқарылған істер ауқымды. Ал бұл іс Жібек Орынбайқызының қолынан келетініне кәміл сенеміз», – деді Мейрамбек Шермағанбет.

Өз кезегінде жиынға қатысушы ардагерлер сала басшысын қызметімен құттықтап, алдағы істеріне толағай табыс тіледі. Сондай-ақ, ұлт болашағын қалыптастыратын жауапты да, жауапкершілігі мол білім саласына үлкен өзгерістер әкеледі деген сенім білдірді.



18 сәуір 2023 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031