БҰРАЛҚЫ ИТ БАСЫНҒАН КҮН
Таңертеңгілік үйден шығып, жұмысқа қарай бет алдым. Таңғы аяз бет қариды. Орталық алаң бойымен тайғақ жолда әрең келе жатқан тұста бес бұралқы ит дегбірімді қашырды. Орталық алаңдағы бұл жағдай аянышты-ақ көрінді. Азу тісі ырсиған иттер мүшкіл халіңді мүсіркей түседі. Редакция маңында орын тепкен үйлердегі қабаған иттер ойда-жоқта «арс» еткенде жаныңды шүберекке түйесің. Алдаусыратып беретін бір түйір дәм де қалтаңнан табылмайды. Сол сәтте санаңды сан сұрақ билейді. Бұларды қаңғытқан кім? Бізді қойшы жаспыз, ал қаусаған қарттар қабаған ит тап бергенде не істейді? Немесе жас балғынның балағына жармасса ше? Жемтік іздеп жүрген бұралқы иттер бұқараға ауру жұқтырмай ма? Бұларды бақылауға алатын біреу бар ма екен?
Осы сұрақтарды жалау етіп дереу аудандық ветеринария бөліміне телефон шалдық. Олардың айтуларынша, бұрын қараусыз, қадағалаусыз жүрген және қожалары жоқ қаңғыбас ит пен мысықты жою үшін құрамына ветеринариялық станция мамандары, учаскелік полиция енген арнайы топ айналысатын. Жаңа заңға байланысты ол жұмыс тоқтап тұр. Енді жаңа заңға сәйкес, аудан, ауыл орталықтарынан қараусыз жүрген ит пен мысықты арнайы жұқпалы індеттерге қарсы екпе жасап, таңбалап, қайыра босатып жібереді екен. Мәлім болғандай, әзірге ауданда қаңғыбас ит пен мысыққа арналған панажай жоқ. Ал оны салу үшін, әлбетте, қыруар қаржы мен арнайы жер керек. Оған енді жергілікті билік өкілдері жауап берер деген оймен, кент әкімдігіне де байланысқа шықтық. «Бұл мәселеге негізі ветеринария бөлімі жауап береді. Ал біздің тараптан қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр» деп жауабын қысқа ғана қайырды. Жарайды, жұмыс істеп жатқандарын білдік. Ал нақты қандай ісәрекет жасап жатқандары жайлы толық мағлұмат ала алмадық. «Өскен өңірдің» тұрақты оқырмандары біледі, қаңғыбас иттің мәселесін басылым бетінде қаншама рет көтердік. Оған «Бұралқы ит бұқараға қауіп төндірмесін», «Бұралқы ит «басынып» барады», «Қорегін қоқыстан тапқан», «Таңбалаған тиімді ме?» атты тақырыпта жарық көрген мақалалар дәйек. Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, белгілі себеппен дәл осы мәселеге қайта оралуға тура келіп тұрғаны... Есіңізде болар, бұрнағыда, бұрнағы деуге келмес, осыдан 1-2 жыл бұрын бұралқы иттерді атып, көзін жойып отыратын. Ал енді қазір оларды атуға болмайды. Атсаңыз, арнайы заң жүзінде жазаланасыз. Яғни өткен жылы қыркүйектен бастап, осы мәселеге қатысты заң өз күшіне енген-ді. Қолдағысы бар, қаңғыбасы бар, барлық итмысыққа белгі салынып, жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Әлгінде айтқандай, көшекөшеде топ-тобымен жүретін ит-мысықты тиісті органдар атып, ал денесін арнайы пеште жағып жіберетіндерді таппайсыз. Жаңа заңға сәйкес, енді мұндай әрекеттерге барғандар жауапкершілікке тартылады. Ит-мысықты ұрып, түрлі қатыгездік қарекет жасағандар да қатаң жазаланбақ.
Яғни, адамгершілікке жат қылықтарға жол берілмейді. Осы тұста қараусыз, қаңғыбас ит-мысықты атпаса, олардың қарасы көбейіп, қоғамға қауіп төнбей ме деген заңды сұрақ туындайды. Иә, шет жақты айтпағанда кенттің қақ ортасынан топтасып жүрген қаңғыған иттерді күнде көріп жүрміз. Тіпті күндіз-түні адам қарасы үзілмейтін орталық алаңды бірнеше ит паналап алғанын қайтерсің. Оған күні кеше көрген көріністі қосыңыз. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Қанша жерден адамның досы десек те, ит иттігін жасамай қоймайтынын естен шығармаған абзал. 1074 ИТ ТАҢБАЛАҒАН Бір жағынан қарасақ, әр нәрсенің иесі болғаны жөн. Себебі әр нәрсенің сұрауы болады. Міне, осыны ескерген үкімет заң арқылы жұрттың жауапкершілігін арттыруды көздеп отыр. Кейбір ит-мысық иелері қолдағыларына тиісті қырағылық танытпай, өзгенің өміріне қауіп төндіріп жататыны жасырын емес. Осы тұрғыдан алғанда үйдегі ит-мысықты да есепке алудың пайдасы болады деп күтілуде. Мемлекет таңбалаудың түрлі тәсілін ұсынып отыр. Олар – асқазан-ішек жолдарына енгізілетін болюстар, білезіктер мен қарғыбаулар, электрондық белгілер, құлағының ортасына тағылатын сырғалар, татуировка, терінің астына салынатын чиптер. Міне, осы тәсілдердің ішінде соңғысын тұрғындар да, ветеринарлық дәрігерлер де жөн көреді. Себебі тіршілік иесіне тіпті зияны жоқ. Денесіне енгізгенде де еш ауырсыну болмайды. Шприц арқылы терінің астына кіргізілетін күріштің дәніндей-ақ заттың бар-жоғы да білінбейтін көрінеді. Тек арнайы құралмен сканерлеу арқылы анықтауға болады. – Тіркеуге әкелген үй жануарын біз суретке түсіреміз, оған қатысты барлық мәліметтерді базаға енгіземіз. Әрбіріне 30 минуттай уақыт кетеді. Егер жүйеде ақау болса, біраз күтуге тура келеді. Осы заңның енгеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Тиісінше бағытта тыңғылықты түсіндірме жұмыстары жасалуда. Бүгінгі күнге дейін 1074 ит чиптеліп, есепке алынды, – дейді ветеринариялық дәрігер Асұлан Асқарұлы. Кез келген жаңашылдық енгізілгенде көпшілік оның тиімділігіне үрке әрі күмәнмен қарайтыны рас. Мұндай сәтті «уақыт көрсетер» деп бәрін алдағы күннің еншісіне тапсырамыз. Міне, еліміздегі итмысықты таңбалау, тіркеу науқаны осы сипатта өтіп жатқандай. Иесіз ит-мысықтардың санын реттеудің жаңа тәсілі қаншалықты тиімді болатынын мамандар да дөп басып айта алмайды. Осы тұрғыда бұқараның екі ұдай пікірде отырғаны анық.
Сұлушаш МАДИЯРОВА
Фото: egemen.kz