Еңбектің көзін тапқан – Ералы
Бейнет кешкен адамның берекеге кенелетіні белгілі. Ерте көктемнен бастап, таңмен таласа тұрып, күн батқанша дамыл таппайтын диқан қауымының дала төсіндегі қызу тіршілігі қандай құрметке болса да лайық. Осы тұста ауыл шаруашылығы саласында 40 жылға жуық еселі еңбек етіп келе жатқан Ералы Баймағанбетовтың еңбегі көпке үлгі. Себебі қуанышынан қиындығы басым бұл саланың да жауапкершілігі жоғары болмақ.
Бүгінгі кейіпкеріміз Ералы Баймағанбетов «Төңкеріс К» шаруа қожалығының күрішшісі болып еңбек етеді. Ол 1967 жылы Шиелі ауданына қарасты Ш.Қодаманов ауылында дүниеге келген. Төңкеріс ауылында орта мектепті бітіріп, 1984 жылы еңбек жолын ұжымда комбайншының көмекшісі болып бастайды. Ал 1985 жылдан бастап осы ұжымда күрішші болып қызмет етіп келеді. Ералы Иманмәдіұлы өзіне тапсырылған 80 гектар күріштік жерді агротехникалық шараларды сақтай отырып, өз дәрежесінде күтіп-баптау жұмыстарын жүргізеді. Көктем-күз етілген тынымсыз тірлік, маңдай тер мен қажырлы еңбектің арқасында ол жыл сайын күріштің әр гектарынан 75-78 центнерден өнім алуда. Осындай қажырлы еңбектің арқасында ол биыл ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Даңғайыр дихан, екі мәрте социалистік Еңбек Ері, дала академигі Ы.Жақаевтың ізін басып, жолын қуған Ералы Иманмәдіұлы өзінің аса жауапкершілігімен ұжымдық ортада беделді. Ол бүгінде ұрпақтар сабақтастығы ретінде өзінің еңбек тәжірибесін өскелең ұрпаққа өз білгенінше үйретіп, жастарды еңбекқорлыққа баулып келеді. Ендеше осындай еңбек ардагерлері бар ауданның ауыл шаруашылық саласы дамудың даңғыл жолынан таймайтыны да сөзсіз.
Дархан БАЙТІЛЕС