Темір тұлпар тақымдаған диқандар
«Диқан жерін анасындай сүйеді, жер диқанға баласындай иеді» демекші, биыл аудан диқандарының егіні бітік. Алты ай бойы дала төсінде тер төккен азаматтардың бейнеті мол.
Бағы шапқан Бақтияр
Осындай мехнатты шаруаның шырайын кіргізіп, күріштен өнім алуда үздік болған Бақтияр Баржақсиевтің еңбегі ерен. Ол «Алтын дән – 2022» мерекелік шарасында марапат биігінен көрінді. Аудандағы іргелі шаруашылық саналатын «Ақмая» ШҚ биыл 1130 гектар егіс алқабына күріш екті. Ала жаздайғы бейнеттің нәтижесінде шаруалар орташа есеппен 50 центнерден өнім алды. Бұл – шаруашылық үшін зор жетістік. Мұндай жоғары көрсеткіш көрсетуде күрішші Б.Баржақсиевтің еңбегі зор. Олай дейтініміз, диқан өзіне берілген 80 гектар жердің бап-күтімін жасап, одан 45 центнерден өнім алды. Соның нәтижесінде шаруашылықта озаттар көшін бастады.

– Бақтияр – егін егудің қыр-сырын жақсы білетін маман. Өзіне артылған тірлікті тянақты атқарады. Сондықтан аталған шаруа қожалыққа шақырдым. Ала жаздай иығынан кетпені түспей, егістік басындағы мехнатты тірлікті тиянақты атқарды. Биыл күріштен мол өнім алуға ол бар күшін салды. Бұл еселі еңбектің нәтижесі, – дейді шаруашылық төрағасы Д.Жұмбеков.
Иә, таңмен таласа кетпенін асынып, егін басында жүретін диқанның несібесі әркез жоғары болады. «Егін ексең – ебін тап, ебін тапсаң – жерін тап» дегендей, бас көтерген күріштің ауруға ұшырамай өсуіне дала еңбеккері аса ыждағаттылық танытуы тиіс. Осы үдеден шыға білген Бақтиярдың егіні бітік болды. Төгілген маңдай тері ақталып «Алтын дән – 2022» мерекесінде темір тұлпар тізгіндеді. Өз кезегінде Бақтияр да шаруа қожалық төрағасы Д.Жұмбековке алғаусыз алғысын жеткізді.
Механизатор Нұржан
Дөңгеленген жер шарында жұмыр басты пенденің бір-бірінен абыройын асырып, маңдайын жарқырататын – еңбек. Еңбек адамы қай қоғамда да сыйлы. Сондай жанның бірі – «Төңкеріс К» ЖШС механизаторы Нұржан Әділов.

Кейіпкеріміз мектепті тәмамдай сала Бауыржан Көпеев басқаратын «Төңкеріс К» ЖШС механизатор болып орналасады. Оның трактор тізгіндегеніне биыл 20 жыл. Белгілі механизатор егін саласы бойынша жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп, қамбаны қызылға толтыруға үлес қосып келеді. Талай техниканы тізгіндеген ол бастапқыда «Case CS 153» тракторын жүрзіген. Бидай мен күріштің кезінде «John Deere» комбайнын айдап жүр. Жүрзігіп қана қоймай, ауыр техниканың қалыпты жұмыс істеуіне жауапты маман. 2001 жылдан бері «Төңкеріс К» шаруа қожалығында механизатор болып еңбек ететін Нұржан Әділов жыл сайын жер айдау, жоңышқа, күріш, бидай оруда жоғары көрсеткіш көрсетіп, ауданның бірнеше мәрте жеңімпазы атанды.
– Кез келген адам үшін еңбек қасиетті ұғым. Қарапайым отбасында тәрбие алып, еңбектің қадірін ес біліп, етек жеңімді жинағалы ұғынып өстім. Істі тиянақты, сапалы орындаудың арқасында үнемі жақсы жетістіктерге жетіп келеміз. Еселі еңбегіммен туған жеріме, туған ауылыма тамшыдай болса да пайдам тисе, еңбегім үлгі болса мен үшін бақыт пен мәртебе, – дейді ол.
Жыл соңында диқандар мол табысқа кенеліп, қуанышқа бөленіп жатады. Еңбектене ішкен дәмнің тәттілігін, тер төге істеген істің сәттілігін жастайынан түсінген ол, қиыншылық көріп, ауыртпалықты сезінсе де мойымай алтын күз мерекесінде «Озат механизатор» болып марапатталып, автокөлікке ие болды.
Даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтан «Күріш егуден рекордтық көрсеткішке жетуіңіздің сыры неде?» деп сұрағанда даңқты күрішші «Еңбек, еңбек, тағы да еңбек» деп айтқан екен. Сондықтан маңдайын күн сүйген күрішшінің сонау көктемнен басталған тынымсыз еңбегі қайтты деп білеміз.
Ш.Тілеубаев