Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨНЕР СЫРЫ ӨРНЕКТЕ

ӨНЕР СЫРЫ ӨРНЕКТЕ

«Шебердің қолы алтын» деген қазақта керемет тәмсіл бар. Қазақ халқы қашанда мәдениетімен ерекшеленген. Өнерді биік қойған халықпыз. Әр өнердің өзіндік бір өзгеше сыры болады. Қолөнердің өнердегі алатын маңызы орасан. Ата жолын ардақтап, келер ұрпаққа өнеге беріп отырған қолөнершілердің еңбегін жоққа шығара алмаймыз. Ата-бабалардан сақталған мұраны жалғастырып келе жатқан қолөнер шеберлеріміздің бары шексіз қуантады. Солардың бірі – Қорлан Елтаева. Ибалы келін, адал жар, аяулы ана болып отырған кейіпкеріміздің өрнекті туындылары көздің жауын алады.
2003-2007 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мамандығы бойынша білім алады.
Жастайынан әшекей бұйымдарға, әдемі кестеленген ою-өрнектерге қатты қызыққан. Қолөнерге деген икемі анасы Орынкүлден дарыған.
– Кішкентай кезімде анамның жасаған ою-өрнектеріне, тоқыған тоқымаларына сүйсініп қарайтынмын. Сол мезеттен бастап, ине-жіпті серік ете бастадым. Менің бұл жолды таңдауыма анам мен әкем ықпал етті. Ол кісілерге өз ризашылығымды білдіргім келеді. Себебі олар менің қолөнерге бейімділігімді байқап, менен зор үміт күтті. Сондай-ақ осы саланың сырлы екенін ұғындырып демеу көрсетті, – дейді.
Осы тұста «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген мақал-мәтел есіме түсіп отыр. Анасынан алған үлгі-өнегені Қорлан Нұрмаханқызы өзіңнің қыздарына да көрсетіп, тәрбиелеп жүр. Ерте кезден-ақ қазақ халқының асыл аналары қыздарыңа қалай ине-жіпті ұстау керек, қалай ұршық иіріп, кілем тоқу керек екенін үйреткен. Мінекей, соның бір парасын кейіпкерімізден көріп отырғандаймыз.
Еңбегінің нәтижесі оған тек жетістіктер әкелді. Көптеген көрмеге мен фестивальге қатысып, бірнеше мәрте Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Адам белгілі бір істі бастағанда оны тек өзі үшін ғана емес, халық үшін де жасайды. Көрген адамдар оның бастаған ісің көріп, жоғары бағаласа нұр үстіне нұр болып, жұмысы алға басатыны анық. Одан сайын шабыттанып, алға қарай қадам басады.
Бір қызығы, Қорланның жасаған қолөнер туындыларын көрген достары, ­таныстары еңбегін көріп қатты қызығып, тамашалайды екен. Тіпті оларға өз қолыңнан әшекей бұйымдар жасап береді. Олардың ыстық ықыласы оған шабыт сыйлайтын көрінеді. Сол себептен болар, ою-өрнектері, суретті гобелен кілемдері, әшекей бұйымдары сәтті болып шығатыны.
Әсілінде, қыз баласы әсемдікке, әдемілікке жақын болады емес пе? Сондай әсемдікті біз Қ.Нұрмаханқызы шығармашылығынан көре алдық. Әңгіме түйінінде алдағы жоспарларын айтып, қолөнер қыз-балаларға керек өнер екенін түсіндірді. Ұлттық құндылығымызды ұмытпай, салт-дәстүрімізді, өнерімізді келешек ұрпаққа көрсетіп отырған осындай Сыр сұлуларымыз көбейе берсін демекпіз.

Айнұр ИБРАШЕВА
25 желтоқсан 2023 ж. 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031