Шеберлердің қолында, кәсіп болған бұл ағаш
Атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлы өнерімізді ұлтымыз қашан да ұлықтаған. Өйткені, қолөнер ешқашан өшпейтін өлшеусіз өнер. Бүгінде ағаштан түрлі бұйым жасауды жаңғыртып, қазақтың осы бір өнерін дамытып, бабалардың өнегелі жолын жалғаған қолөнер шеберлері Шиеліде де жетерлік. Сол ерекше бір қасиетті өнерді жанына серік еткен қос ағайынды Біржан Ділманов пен Орынбасар Әлиевтің қолөнер туындылары сұранысқа ие.
Кейіпкеріміз Біржан Ділманов Шиелі ауданындағы Ақтоған ауылының тұрғыны. Ол жастайынан ұлттық музыкалық аспаптарға, олардың тарихы мен өндірісіне қызығушылық танытты. Мектеп қабырғасынан бастап, әсіресе, жазғы демалыс кезінде музыкалық аспаптар жасау шеберханасында тәжірибе жинақтады. Алматы қаласында жүріп, арнайы музыкалық аспаптар жасау шеберханасында шыңдалды. Содан ол «Даму» мемлекеттік қорынан 6 процентке жеңілдетірілген несие алады. Көп ойланбастан жеке хоббиін кәсіпке айналдыру мақсатында Қызылорда қаласынан «Жетіген» саз аспаптар жасайтын шеберханасын ашады.

– Мемлекеттік қолдаудың арқасында мен хоббиімді табысты іске асырдым. Өзімнің де музыкалық аспаптар жасауға деген қызғушылығым бар еді. Көмек сұрап, «Даму» мемлекеттік қорына жүгіндім. Көп ұзамай осы қолдау қоры бойынша 2,5 млн теңге қаржы алдым. Қаражатқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, жұмыс жасаудамын. Өндірісте отандық және шетелдік материалдарды пайдаланамыз. Мысалы, жаңғақ ағашын, шырша, үйеңкі, қызыл ағашты, африкалық тропикалық ағаштарды қолданамыз. Өйткені, біз үшін сапалы бұйым әзірлеу өте маңызды. Музыкалық аспаптардың басым бөлігі ұлттық нақышты сақтай отырып, ерекше этно-стильде дайындалады – деді жас кәсіпкер. Шеберханада Б.Базарбекұлы аспаптардың бірнеше түрін дайындайды. Олардың арасында домбыра, прима домбыра, қобыз сияқты аспаптарға деген сұраныс жоғары. Сондай-ақ жетіген, дауылпаз, сыбызғы, шертер, басқа да ұлттық аспаптар ерекше танымал екенін сөз етті.
Ал, Орынбасар Әлиев қыз-келіншектердің талғамын дөп басатын кәнігі шебер. Өйткені ағашты ойып, тұрмыстық жиһаздар жасау оның бүгінгі кәсібі. Ас үй, қонақ бөлме жиһаздарынан бастап қажетіңізді айтсаңыз ерекше үлгіде әзірлеп бере қояды. Қос қолынан өнер тамған ағаш ұстасы жеке кәсіп ашып, кәсіпкерлікті қолға алғалы да 3 жылдан астам уақыт өткен. Бүгінде Қызылорда қаласынан «Mebelingz» жиһаз жасау шеберханасын ашты.
– Әр саланың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Сол секілді жиһаз жасаудың да өзіндік қыр-сыры бар. Біршама жылдан бері осы кәсіпті дамытуға бар күшімді салып келемін. Жасаған жиһаздарымды тұтынушылар мақтап жатады, – дейді ол. Иә, қазір қолынан іс келетін адамға кәсіп көп. Тек ізденіп, ерінбей еңбек етсе болғаны.
Шапағат Тілеубай