Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Атырауда «Шеберлер аллеясы» ашылды

Атырауда «Шеберлер аллеясы» ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласы әкімдігі ғимараты тұсындағы жағалауда «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атауымен атыраулық қолөнер шеберлері мен дизайнерлерінің көрмесі ашылды.

Шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Көрменің ашылу салтанатында облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Гүлжан Қадіржанқызы сөз алды.
Көрме сәуір айынан бастап қазан айына дейін аптасына бір рет тұрақты ұйымдастырылып отыратын болады. Бұны сауда емес, өнер орталығы деп атаған жөн. Қолдау білдірген басшыларға алғысымыз зор, – деді ол.
Он саусағынан өнер тамған шеберлердің ұлттық өнерімізді дамытуға қосып жатқан үлесі зор. Бүгін тұсауын кесіп отырған «Шеберлер аллеясы» жергілікті қолөнер шеберлерінің туындыларын насихаттап, оларды күнделікті өмірде қолдануға жағдай жасайды деп ойлаймын, — деді қала әкімінің орынбасары.
Одан соң қала әкімінің орынбасары Самат Жұмабекұлы тұрғындарды «Шеберлер аллеясының» ашылуымен құттықтады.Айта кетейік, жәрмеңкеге авторлық әшекейлер, дизайнерлік киімдер, сыйлықтар мен кәдесыйлар, т.б қолөнер бұйымдары қойылады.
https://baq.kz​​​

10 қазан 2021 ж. 765 0