Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » НҰРСӘУЛЕТ ҮЗДІКТЕР САПЫНДА

НҰРСӘУЛЕТ ҮЗДІКТЕР САПЫНДА

Ауданда спорт деген бекзада өнерді жанына серік еткен жастардың бары қуантады. Көбінің тісі батпайтын спортқа аяқ басып, сол дүбірде олжа салып, биік шыңға шығып жатқандар қаншама?! Ал біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміз нағыз өзіне жарасымды спорттың түрін таңдап, аудан абыройын асқақтатып жүр. Нұрсәулет Өмірханұлы жастайынан спортты жанына серік еткен жан. Ол жекпе-жектің панкратион деп аталатын түрімен айналысады.
Осыдан 1 ай бұрын Талдықорғанда өткен республикалық жарыста аудан спортшылары топ жарды. Аталған сайысқа әр облыстан кіл мықтылар жиналды. Панкратионның қыр-сырын жас жеткіншектерге үйретіп жүрген бапкер Ербол Ділімбетов осы байрақты бәсекеге 6 спортшысын үкілеп қосты. Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміздің барлығы да жүлдесіз оралмады. Ал осы жарыста біз сөз етіп отырған Нұрсәулет Әлайдар жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады. Оның бұған дейін қаншама байрақты бәсекелерде топ жарып, биіктерден көрініп жүргенін білеміз. Айталық, Нұрсәулеттің өз қоржынында 10 алтын, 6 күміс, 7 қола медалі бар. Бұл жүлделердің барлығы спортсүйгіштігі мен еңбегінің айқын дәлелі. Осындай жүлделерімен спорттағы сара жолын бас­тап келе жатқан Нұрсәулетке сағың сынбасын дейміз.

Өз тілшімізден
27 қараша 2023 ж. 1 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (9368)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031