Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаһандық жарысқа жолдама алды

Жаһандық жарысқа жолдама алды

Салауатты өмір салтына, бұқаралық спортқа басымдық беру, дені сау, әрі қоғамның белсінді мүшесі болатын ұрпақ қалыптастыру мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Бүгінде аудандағы жас спортшылардың байрақты бәсекеде айы оңынан туып жүр. Жақында Атырау облысында өткен Панкратионнан ел чемпионатында қоржынға алтын түсті.
Панкратионның қыр-сырын жас жеткіншектерге үйретіп жүрген жерлесіміз бапкер Ербол Ділімбетов аталмыш бәсекеге 15 спортшы қосқан. Сайыста екі спортшы жеңіс тұғырынан көрініп, қалған спортшылар екінші, үшінші орындарды еншіледі.
– Мен тәрбиелейтін әр шәкірттің жүрегінде чемпион болсам деген асқақ арман бар. Ол арманға қажырлы-қайрат, тынымсыз еңбекпен ғана жетесіңдер деп оларды үнемі жігерлендіріп отырамын. Біздің спортшылар алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің атын әлемге танытып, туымызды көкке желбіретеді деп сенемін. Аудан абыройын асқақтатып, көк байрағымыз бірінші көтерілгені біз үшін басты жеңіс. Осы ретте, аудан әкімі Нұржан Ахатовқа, кент әкімі Амангелді Өмірәлі мен «Шиелі Магнит» компаниясына ерекше алғысымды білдіремін. Олар аудандағы бұқаралық спортты дамытуда қолдау білдіріп, жас спортшыларға сенім артты. Біз осы сенім үдесінен шығып, әлі де жеңіс туын желбірете береміз, – дейді бапкер.
Жарыста Дінмұхаммед Ерболатов, Нұрбек Нұрасылдар 1 орын алып мерейі үстем болса, топтық жарыста 2006-2007 жылғы туылған жасөспірімдер командасы 1 орын иеленді. Ал Нұрлыжан Әбіласқарұлы, Әкімжан Талғатұлы, Даниал Рахымжандар мен бірге 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер командасы топтық жарыс бойынша жеңістің екінші тұғырына шықты. Мақсат Ханқожаев, Нұрсәулет Әлайдар, Дінмұхаммед Айдаров, Данияр Маратұлы, Серік Нұрдаулет сынды спортшылар 3 орынды қанағат тұтты.
Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміз қоржынға 2 алтын, 3 күміс, 5 қола медальды салып, тартысты додада топ жарды. Бұл жарыста суырылып алға шығып, өзінің таптырмас айласымен 2 балуан әлем чемпионаттарына жолдама алды.

Дархан Байтілес
25 қыркүйек 2023 ж. 1 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031