Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ


Зеріккенде алданыш, қауіп төнгенде қорғаныш етіп, спортты өмірлік серігіне айналдырған жастар қаншама. Солардың бірі – балабилік Дарын Балтабеков.

Ол өзінің туып-өскен ауылындағы №10 Шиелі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне алғаш рет 2012 жылы қадам басты. Бала күнінен спортқа қызыққан ол, мектепке қабылданған күннен-ақ жаттықтырушыларын таңқалдырып, жетістіктерімен көзге түсе бастады.
Басқа жетістіктерін айтпағанда, Дарын Бақытұлы үстіміздегі жылдың наурыз айында Ақтөбе облысында қазақ күресінен 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында ІІІ орын иеленді. Ал, сәуір айында Түркістан облысы Кентау қаласында белбеу күресінен өткен ҚР чемпионатында І орын алып, чемпион атанды. Осы арқылы жас спортшы шілде айында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Күрестің қыр-сырын, әдіс-тәсілін үйретіп жүрген бапкерлері Қайрат Жолмырзаев пен Қуаныш Нұрғали: «Атына заты сай азаматтың алар асуы әлі алда. Алдағы әлем чемпионатында да топ жарады деген үміттеміз. Ол үшін дайындықты бәсеңсітпей, керісінше шымыр баланы шыңдай түсеміз», – дейді.

Е.ДАТҚА.
23 сәуір 2019 ж. 1 163 0

Қоғам

АҚ ХАЛАТТАҒЫ МЕЙІРІМ
16 маусым 2026 ж. 57

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930