ЖЕРЛЕС ЖЕҢІСІ
Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама. Солардың бірі – аудандық емхананың УДЗ бөлім дәрігері Нұргүл Әбітбаева.
Нұргүл Оралқызы 10 жылдан аса көлемінде медицина саласында өнімді еңбек етіп, шексіз құрметке бөленген, «Алтын дәрігер» медалінің иегері. Ол жуырда Ұлыбритания елінен шақырту алды. Әлемдік эксперттердің қатысуымен өткен «Фетальды медицинадағы жетістіктер» курсына қатысып, арнайы сертификатпен марапатталды. Жерлесіміздің мұндай жетістіктері толастамасын.

Н.Әбітбаева қазіргі таңда сұранысқа ие маманның бірі. Айта кетейік, аудан медицинасының дамуына бір кісідей үлес қосып жүрген жан өткен жылы «УльтраНұр» УДЗ жеке кабинетін ашты. Соңғы үлгідегі заманауи Оңтүстік Корея елінен алынған «Samsung» HS30 скайнер жасайтын аппаратымен аудан тұрғындарына өз қызметін көрсетуге дайын.
– Бұл көп біліктілікті қажет ететін қызықты жұмыс. Жас мамандарға көп жылдан бері жинаған тәжірибемді үйретіп келемін. Науқастармен сөйлесіп медициналық қызметтің олқы тұстарын анықтаймын. Заман талабына сай медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға барынша үлесімді қосуға тырысамын, – дейді ол.
Әрине, осындай берері көп нағыз білікті маманның келешек шәкірттері де осал болмасы анық.
«Өскен өңір» ақпарат агенттігі