Сан мамандықты самғатқан
Жұма күні Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде «Самғатқан сан маманды – киелі ордам» атты 40 жылдық кездесу өтті.
Кездесу кешіне «Байсын» шаруа қожалығының төрағасы Аятжан Есжанов, №243 қазақ орта мектебінің директоры Мұрат Көпешбаев, Дәулет Беркінбаев, Бақыт Жүнісбеков, Қыдырбай Акбаров, Шара Әшірбаева, ұстаздар мен білім алушы түлектер, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шара барысында колледж директоры Мейрамхан Дүйсенов сөз алып, мерейлі кешке жиналған қонақтарға жылы лебізін білдірді.
– Осыдан 5 жыл бұрын колледжіміздің 60 жылдық мерейтойын дүбірлете тойлаған болатынбыз. Міне, биыл 5 жас қосып, жетістіктерімізді молайтып, сіздермен бірге оқу орнының 65 жылдық мерейтойын бірге тойлау бұйырып отыр. Осы тұста даңқты диқан, майталман механизаторларды түлеткен оқу ордасы жаңа бағытқа бет бұрыс жасап, ілгері дамып келеді. Алдағы уақытта білім ордасынан түлеп ұшқан студенттер, таудай белестерді бағындырарына сеніміміз мол, – деді.
Шарада 1980-1983 жылдар аралығында білім берген ұстаздары Дәуітбай Шайжанов, Әбсаттар Арыстанов, Көпбай Жұрқабаев сынды ардагер ұстаздар шәкірттерінің 40 жылдық кездесуінде ізгі тілектерін жаудырып, ақ баталарын берді. Сондай-ақ кездесу соңы оқу ордасының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламаға ұласты.
Дархан Байтілес