Отбасы – ұлттың тірегі

Шараға индустриалды-аграрлық колледжінің директоры Мейрамхан Дүйсенов, колледж директорының оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бахтияр Дайрақұлов, тәлімгерлердің ата-аналары, зиялы қауым өкілдері, колледждегі ұстаздар мен студенттер қатысты.
– Адамзат пен мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы болып табылады. Әлемде отбасының негізгі міндеті – балаларды өсіру, оларға лайықты білім беру және адамзаттың қилы қатынастар әлемінде өз орнын табуға көмектесу. Сол үшін отбасы берік және сенімді тірек болуы тиіс деген ұғым қалыптасқан. Сонау ескі заманнан бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа біздіӊ мәдени құндылығымызды, ұлттық дәстүрімізді сақтау мен беруге арналған маӊызды орта. Бұл мерекені өткізу отбасы мәртебесін көтеруге, маӊызды мәселелерді және қажеттіліктерді түсінуді жақсартуға мүмкіндік береді, – деді колледж директоры Мейрамхан Дүйсенов.
Одан кейін колледж директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақтияр Таубайұлы оқу ошағында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстарды баяндады.
Шара соңында оқу ордасының №53 «Бұрғылау қондырғысының машинистері» және №47 «Арнайы тігінші» оқу тобының білім алушылары би билеп, ата-ана, отан жайлы әндер шырқады. Білім алушылар ата-анасына деген сүйіспеншілігі мен махаббаты жайлы түсірілген бейнежазбалар көрсетіліп, колледждің көркемдік жетекшісі А.Қалекеевтің сүймелдеуімен «Ана туралы жыр» әнінен хор айтты.
Дархан Байтілес