Ата басылымды үзбей оқимын
Күні кеше ғана ауданның құрылғанына 95 жыл толу мерейтойын атап өткен шиеліліктер 80 жылдан аса тарихы бар ата басылым «Өскен өңір» газетіне жазылуды жақсы дәстүрге айналдырған. Шежірелі өлкенің төл басылымының алдағы уақытта да әр шаңырақтың төрінен табылатынына сенімдіміз! Дәл осылай деуімізге Шиелінің іргесіндегі Еңбекші ауылында тұратын Айтөре ақсақалдың бір ғана сөзі негіз болды.
– «Өскен өңір» – негізін Мәді Молдыстамов қалаған, Сейітқасым Сейтенов, Тілеген Шопашев, Қалмахан Әбдіқадыров, Оразбек Сәрсенбаев, Әбділдә Тәжібаев, Ағайдар Ысымов, Сәрсенбек Бекмұратұлы, Серік Байхонов сынды жандар өнімді еңбек еткен қасиетті, тарихы терең басылым. Сексен жылдан аса тарихында әртүрлі атаулармен шығып келген аудандық газетіміз өміршеңдігімен қуантады. Мен бұл газетті бүгінге дейін үзбей оқып келемін. Оның беттерінен әр оқырман өзіне керегін таба алады. Республикалық маңызды жаңалықтардан бастап, облыстың өзге аудандарында болып жатқан жайлармен жан-жақты танысуға мүмкіндік мол. Әрине, оның ішінде өз ауданымыздан жазылған мақалаларды жиі оқимыз. Жақсы істерге сүйініп, әттеген-айларға күйініп отырамыз. Күнделікті өмірдің бояуын суреттейтін бұл газет туып-өскен өңірдің шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі, өсіп-өнуі туралы ақпараттарды айнадай әкеп алдына қояды, – дейді Айтөре ата

Бүгінгі буын барынша телефонға әуес. Оны жасырып қайтеміз. Ал егде жастағылар газет оқығанды әдет қылған. Бұл мақаланың жазылуына түрткі болған кейіпкерімізге «Немерелеріңізге газет-журнал оқып бересіз бе?» деп тосыннан сауал тастадық. Ол тосылмастан:
– Әрине, оқып беремін. Менің Құдай берген 10 немерем бар. Құдай көп көрмесін. Немерелерім ауылға демалысқа келгенде ұдайы қазақ тарихынан сұрақтар қойып, есептер шығартамын. Қазір қолымда кенже балам мен келінім тұрады. Олардан 3 жасар немерем бар. Барынша смартфоннан алшақ ұстауға тырысамын. Кезек-кезек түрлі ертегілер оқып, газет-журналдарды қазірден бастап таныстырып отырамын. Телефоннан алшақ болып, газет-журналға, кітапқа жақын болған баланың тілі шұбарланбайды. Тілдік, жан дүниесінің қоры молаяды, – деді.
Әңгіме барысынан атайдың әдебиетке, тарихқа да етене жақын екенін аңғардық.
– Мен өзім сөз өнеріне бүйрегім бұрып тұратын, өлең сөзге бейімім бар болғандықтан әдебиет пен тарих тақырыбының да жиірек жазылуын қалаймын. Бұл жөнінен де «Өскен өңір» меселімді қайтарған емес. Белгілі жазушылар мен өнер адамдары, еңбек адамдары туралы естеліктер, жергілікті жазушылардың шығармаларынан үзінділер жариялап тұрады. Екіншіден, өңірден шыққан жас таланттардың қаламын ұштап, насихаттап отыруы да өте құптарлық, Қысқасы, «Өскен өңірді» – өңірдегі әрбір қазақ отбасы жаздырып алса, еш өкінбейтін басылым. Газетті біздің отбасы мүшелерінің барлығы оқиды. Өйткені онда олардың әрқайсысы үшін маңызды, қызықты тақырыптар бар, – дейді ақсақал.
Ол – ат жалын тартып мініп, азамат болғаннан күні бүгінге дейін басылымнан бір елі ажырамай, берен достықтан айнымай келе жатқан бекзада оқырман.
Сұлушаш МАДИЯРОВА