САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ОҢ БОЛСА, ТҮСІМ ДЕ МОЛ БОЛМАҚ
Салық қызметі – мемлекеттік құрылымдардың бірі. Кез келген өркениетті елдің өмір сүруі салыққа байланысты десек, қоғамның қажеттілігін өтеу үшін қаражат керек екені айдан анық. Қаржылық қиыншылықтар кезеңінде ауданда салық саласының қызметкерлері өз міндеттерін абыроймен атқарып, өздерін білікті маман ретінде көрсетіп жүр. Осы ретте аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Еркеғали Абдрахмановпен жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде сұхбат жүргізген едік.
– Еркеғали Амангелдіұлы, салық түспей бюджет бүтінделмейтіні белгілі. Осы орайда аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өткен жылды қалай аяқтады, биыл салықтың орындалу қарқыны жайлы не айтасыз?
– Салық – еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуінің тұрақты кепілі саналатынын ескерсек, бұл бағытта атқарылатын жұмыстың ауқымды, жауапкершілігі зор екені рас. Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өткен жылды табысты аяқтады деуге негіз бар. Алдын ала жасалған жоба-жоспарда белгіленген салық пен өзге де түсімдерді шашауын шығармай жинап, бюджет кірісін толтыруға тырыстық. Ал жыл басынан бері 841 заңды тұлға, 6846 дара кәсіпкер тіркелді. Биыл өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке 3386,2 млн теңге артық түсім түсіп 125,5 % ды құрады. Атап айтқанда, республикалық бюджетке 2869,5 млн теңге артық түсіп 137,3 % межені көрсетсе, жергілікті бюджетке 512,6 млн теңге артық түсім түсті. Яғни болжам 109,3 пайызға орындалды.
– «Жаңа Қазақстан» жаңашылдыққа үйретіп келеді. Осы ретте халық цифрлық жүйе арқылы қызмет түрлерін ала алады ма? Мемлекеттік кірістер органдарында көрсетілетін жалпы қандай қызмет түрлері бар?
– «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы №348 бұйрығына сәйкес 44 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде 28-і салық, 16-сы кедендік қызмет. Осы 44-тің 33-і автоматтандырылған, 11-і қағаз жүзінде көрсетіледі.

Бүгінде Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға барынша ден қойылған. Салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өңдеу және салықтық тіркеу орталығы салық төлеушілерге 9:00-18:00 уақыт аралығында қызмет көрсетеді. Сонымен қатар қызмет көрсету орталығында салық төлеушілерге салық есептіліктерін электронды түрде тапсыру үшін өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы бар. Салық мәдениетін көтеру және кәсіпкерлердің сауаттылығын жетілдіру мақсатында Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
– Жеке тұлғаларға мүлік, жер, көлік салығын төлеуде жеңілдіктер қарастырылған ба? Қалай, қайда төлейді?
– Жалпы Шиелі ауданы бойынша жер салығын төлейтін – 14 968 жеке тұлға болса, оның – 1221-і жеңілдік алған. Ал мүлік салығы бойынша – 14 584 жеке тұлғаның 1097-сіне жеңілдік қарастырылған. Сол секілді көлік салығы бойынша – 13 243 жеке тұлға болса, оның 612-сі әртүрлі санаттағы адам. Яғни жеңілдік Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіледі.

Енді атқарылған жұмыстарды нақтылап айтар болсақ, 10 айдағы көрсеткіш бойынша мүлік салығынан 10 545,4 мың теңге түсім түсіп, межені 105,9 пайызға артығымен орындадық. Ал көлік салығы бойынша 169 086,6 мың теңге қаржы түсті. Меже өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 20 782,1 мың теңгеге артық орындалып, 114,0 пайызды көрсетіп тұр.
Сонымен қатар берешегі бар жеке тұлғаларға қатысты аудандық прокуратураның жеке сот орындаушылармен, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып арнайы рейдтер ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Көлік салығынан 86 салық төлеушіден 7 192,0 мың теңге, мүлік салығынан 442 салық төлеушіден 279,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді.
– Ақша жүрген жерде жемқорлық қылаң беріп жатады. Осы ретте басқармада жемқорлықпен күрес жұмыстары қалай жүргізілуде?
– Дұрыс айтасыз. Сыбайлас жемқорлық жең ұшынан жалғасатын қылмыс десек те болады. Мемлекет басышысы Қ.Тоқаев «Әділетті Қазақстанды құру үшін жемқорлықпен күрес жұмыстарын күшейтуіміз қажет. Бұл жұмыс тек уәкілетті органдардың ғана міндеті емес. Қоғамның барлық мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы тиіс» деген болатын. Біздің ұжымда жемқорлыққа қарсы иммунитет жақсы қалыптасқан. Барлық іс ашық, жария түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, өздеріңіз білесіздер қызметкерлеріміз үнемі аудандық «Өскен өңір» газетіне жемқорлыққа қарсы күреске шақырып, өз мақалаларын жариялап отырады.

– Аудан бойынша тіркелмеген заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу немесе салықты уақтылы төлемеу-төлеуі жөнінде қандай фактілер анықталды?
– Шиелі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген салық төлеушілерге қоғамдық көліктерге хабарландырулар ілініп, адамдар көп жиналатын жерлерде радио байланыс арқылы хабарлау жұмыстары жүгізіліп тұрады. Шиелі ауданының 23 кент және ауылдық округтеріне хаттар жолданып, түрлі әлеуметтік желілерде салықтық міндеттемелерді орындау жөнінде кеңінен түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүгізіліп, брошюралар таратылды. Нәтижесінде 2023 жылдың 10 айында 500-ден аса жеке кәсіпкер тіркелді. 2023 жылы 3 жеке тұлғаға жеке кәсіпкер болып тіркелмей заңсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін ӘҚБтК-нің 463-баптың 1-бабына сәйкес хаттамалар толтырылып, Шиелі аудандық сотына материалдары жолданды. Шиелі аудандық сотының қаулысына сәйкес әр қайсысына 36 225 теңгеден әкімшілік айыппұл салынып, жеке кәсіпкерлікке тіркелді. Сондай-ақ 10 айлық қорытынды бойынша уақытылы төлемеген 76 салық төлеуші анықталып, 1483,5 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл бағыт бойынша жұмыстар үнемі бақылауда.

– Алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшектеп сату бойынша лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыға қанша салық төлеуші тіркелген?
– Бүгінгі таңда алкоголь өнімдерін сату үшін аудандық кірістер басқармасына 88 салық төлеуші тіркелген. 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан қазан айының 1-не дейін 5197,0 мың теңге бюджетке түсім түсті. Бұл бағыттағы жұмыстар да жіті назарда.

– Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен міндеттерді айта кетсеңіз?
– Дұрыс, жоспарсыз істің нәтижесі болмайды. Сол себепті әрбір жұмысты жүйелі, жоспармен жасауға тырысамыз. Болашақта тиісті жұмыстарға тиімді жүргізілген салықтық әкімшілендіру жұмыстарының нәтижесімен бюджетке қосымша кіріс көздерін қамтамасыз етсек дейміз. Сондай-ақ бюджет алдындағы бересі және артық төлем сомаларын азайтуға қол жеткізіп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы бойынша жоғары нәтиже көрсетеміз деген ойдамыз. Ең бастысы, халықпен кері байланыс орната отырып, салық мәдениетін қалыптыстыруға тырысамыз.

– Сүбелі сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан: Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ