Табысқа толы бес жыл
Кез келген өркениетті елдің өмір сүруі және қоғамдық-саяси жолдағы дамуы салыққа байланысты. Өйткені, қоғамның қажеттілігін өтеу үшін қаражат керек. Ал қаражат салық жинаудың нәтижесінде пайда болады. Осылайша, ХV ғасырдан бастап ол мемлекеттік табыстардың негізгі көзі ретінде саналды. Қазақстанда салық инспекциясы өз жұмысын 1990 жылы бастады. Шиелі ауданындағы салық та аталған жылдың сәуір айынан өз жұмысына кірісті. Сол сәттен бастап ел экономикасының дамуы мен әл-ауқатының артуы үшін қаржы саласының қызметкерлері үлесін қосып келеді. Олардың қатарында салық жұмысының алғашқы жылында басшылыққа келген Данияр Бабашев, Тұрғанбай Шығанбаев пен Әуезбек Дүйсенбаевтың есімі ерек. Бұдан бөлек салық саласында жұмыс істеп, зейнетке шыққан Р.Ақпанбетқызы, К.Владимировна мен Е.Абдрахмановтың да сіңірген еңбегі зор.
Кенттегі салық инспекциясы 2014 жылы Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы болып өзгерді. Биыл аталған басқарма бесінші жылғы белесін бағындырды. Ол осы жылдың ішінде ілкімді істерді атқарып, мемлекет бюджетіне көп мөлшерде пайда келтірді десек артық емес. Нақтырақ айтатын болсақ, кірістер басқармасы осыдан бес жыл бұрын бюджетке 2799,4 млн теңге түсірсе, биылғы жылдың 6 айында 2976,7 млн теңге түсіріп отыр. Осының арқасында алға қойған жоспарлары 106,2 пайызға орындалды. Кірістер басқармасы бұдан бөлек жыл сайын салық базасын ұлғайту жұмыстарын да жүргізіп келеді. Ол салық төлемгерлерінің санын асырып, бюджетке артық түсім болғанын қамтамасыз етеді. Биыл да осы шаралар өз нәтижесін беріп отыр. Мәселен, қосымша кіріс көзін іздестіру мақсатында атқарған жұмыстың арқасында биыл бюджетке 22,2 млн теңге артық қаражат түскен. Алдағы уақытта осындай жұмыстар кеңейтіліп, өз жалғасын табады. Айта кеткен жөн, қазір салық қызметкерлері төлемгерлерге тиімді болуы үшін электронды кезекке тұруды қолға алған. Бұл келушілердің уақытын үнемдеп, шаруасының лезде бітуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ қаржы саласының мамандары жыл соңына дейін жергілікті бюджет бойынша артық төлемдерді азайтуға күш салып, көрсеткішті жыл басымен салыстырғанда 10 пайызға арттыруға жоспарлап отыр. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының қызметкерлерін және ауданның полицияларын бақылаушы ретінде қатыстырып, акциз бойынша жекелеген сұрақтарға тақырыптық тексеру ұйымдастырмақшы. Тағы айта кететін жайт, лицензиясыз арақ-шарап өнімдерін сатумен айналысатындарды анықтап, істерін сотқа жолдау жұмыстары жалғасын табады.
Халық пен салықты егіз ұғым деп санасақ болады. Екеуінсіз елдің ертеңіне көз жүгірте алмаймыз. Сол себепті салық саласының мамандары халықпен етене араласып, әркез шешілмеген түйткілдің түйінін тарқатуға тырысады. Осы орайда кірістер басқармасы төлемгерлерге ұғынықты болуы үшін салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіретін шаралар ұйымдастырып келеді. Бұнымен қоса арнайы қойылған жәшіктер комиссия құрамымен талқыланып, тиісті шара қолданады. Міне, осындай оң нәтижелі жұмыстарға қарап, салықтың бүгінгі таңда бүтір бір саясатты қалыптастырып отырғанын байқаймыз.
Маржан
ҚҰРМАНҒАЛИЕВА