Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджет қоржыны – салық түсімімен толығады

Бюджет қоржыны – салық түсімімен толығады

Кез келген мемлекеттің қаржылық жүйесінің жетекші тармағы мемлекттік бюджет болып табылады. Ал мемлекеттік бюджет қоржыны салық түсімімен толығады. Салық жүйесі – мемлекеттің қаржылық қуатының басты тірегі һәм негізгі кіріс көзі. Сол арқылы мемлекет өзінің көптеген қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық мәселелерін шешіп, азаматтарына жағдай жасап, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан азаматтарынан салық алмайтын мемлекет жоқ. Оның ішінде әр аймақ, әр аудан салық базасын ұлғайту шараларын үздіксіз ұйымдастыруға күш салатыны анық.
Ал Шиелі ауданында 1990 жылдың шілде айында аудандық қаржы бөлімінен аудан бойынша мемлекеттік салық ­инспекциясы бөлініп шықты. Мекемені Данияр Бабашев екі жыл басқарды. Кейіннен Тұрғанбай Шығанбаев, Әуезбек Дүйсенбаев, Мұрат Имандосов, Данабек Ермағанбетов, Қамбарбек Мүбараков, Марат Егембердиев, Бақыт Оразовтар басшылық қызмет етті. Қазіргі таңда Еркеғали Абдрахманов басқарып келеді. Бастапқыда Шиелі аудандық салық ­инспекциясы атауымен құрылған мекеме 2014 жылдан бастап құрылымның өзгеруіне байланысты Шиелі ауданы ­бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы болып өзгертілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес салық органы салық төлеушілерге жоғары кәсіптілік, біліктілікті ғана емес, сонымен қатар жауапкершілік пен сапалы орныдаушы кадрларды талап етеді. Бүгінде басқармада өз ісінің қыр-сырын жетік меңгерген 12 қызметкер жұмыс істеуде. Салық саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен ардагерлер де жетерлік. Мәселен, Агафья Ким, Тұрғанбай Шығанбаев, ­Даниярбек Бабашев, Разия Сақтағанова, ­Нелли Ким есімдерін ерекше атауға болады. Қосымша кіріс көздерін анықтау – салық саласы қызметкерлеріне жүктелген міндет. Бұл бағыттағы жұмыс та оңтайлы шешімін тапқан. Арнайы жұмыс топтары құрылып, іс оңғарылды. Нәтижесінде жылдан жылға аудандағы салық төлеушілердің саны өсіп, салық түсімі де молаюда.
Жалпы қаржы ісі ерекше әзірлікті, жоғары білімді, өмірлік тәжірибені, кәсіби өсімді, тың жаңалықты игерудегі басымдықты, шынайылықты қажет етеді. Толағай табысқа бастайтын ілкімді істерді жүзеге асыруға аудандағы қаржы мекемелерінің тәжірибелі, өз ісіне берік, білікті қызметкерлері осындай қомақты үлесті қосуда. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде біздің аудан экономикасы үдемелі дамып келе жатқан өнеркәсіптің орталығы ретінде қалыптасып келеді.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
16 қараша 2022 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9253)

09 қараша 2024 ж.

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930