ҚҰЛЫҚСЫЗ ЖАСТАРҒА ҚАРЕКЕТ КЕРЕК
Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасы жалғасатынын жеткізді. «Бүгін таңда NEET санатындағы 237 мың жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді. Жыл сайын мектеп бітірген 50 мың түлек оқуға ақылы негізде түседі. Олардың 85 пайызы – тұрмысы төмен отбасының балалары. Бұл жағдайды түзету қажет. Сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі керек» деген болатын.
Жасырып қайтеміз, жастардың жұмыссыздығы күн тәртібінен түспей тұр. Қоғамда оны «Neet санатындағы жастар» деп атап кеткен. Шетелде әлдеқашан қолданысқа енген бұл термин елімізде бірнеше жыл бедерінде ғана айтылып келеді. Қазақша нұсқасында «жұмыс істемейтін, оқымайтын, өзге де пайдалы іспен шұғылданбайтын, бос жүрген адам» дегенді білдіреді. Ал үкімет бұл санаттағы жастардың қатарын азайту үшін жүйелі жұмыс істеп, Президент пәрменін орындауда.
Жасырып қайтеміз, жастардың жұмыссыздығы күн тәртібінен түспей тұр. Қоғамда оны «Neet санатындағы жастар» деп атап кеткен. Шетелде әлдеқашан қолданысқа енген бұл термин елімізде бірнеше жыл бедерінде ғана айтылып келеді. Қазақша нұсқасында «жұмыс істемейтін, оқымайтын, өзге де пайдалы іспен шұғылданбайтын, бос жүрген адам» дегенді білдіреді. Ал үкімет бұл санаттағы жастардың қатарын азайту үшін жүйелі жұмыс істеп, Президент пәрменін орындауда.
Ауданда жастардың саны – 25 442. Жалпы халықтың 30,2 проценті. Neet санатындағы жастардың саны – 968. Бұл аудандық жастар ресурстық орталығы мамандары ұсынған дерек. Бұған қарап соңғы бес жылда аталған көрсеткіштің едәуір жақсарғанын байқаймыз. Ендігі міндет – алдағы уақытта осы жұмысқа құлықсыз жастардың қатарын тағы да азайту.
«Еңбек – адамның екінші анасы» деген тағылымды тәмсіл бар.
Тәрбиелік мәні терең бұл сөздің мағынасын «Адамды адам еткен – еңбек» деген тағы бір дана сөз аша түседі. Иә, адамды өсіретін де, өшіретін де еңбек. Өмірден өз орнын тауып, тұлға болып қалыптасуына да еңбек әсер етеді. Өкініштісі, қазіргі таңда осынау құндылықты құнттамайтын, еңбек етуге, ізденуге құлықсыз, ынта-жігері жоқ жастар да арамызда жүр. Жоғары оқу орнын немесе колледжді бітірген жастар дипломын қолына ала салып, жұмысқа орналасуды қалайды. Дереу әкім не прокурор болып, лауазымды орында отырғысы келетіндер де бар. Мойындау керек, үш дипломмен келсең де, есігін айқара ашып, жайлы орын дайындай салатын мекеме жоқ қазір. Сол үшін статусы биік қызметке жету үшін маңдай тер, еселі еңбек керек. Бір жағынан кейбір мекемелер ұсынған жалақы жастардың көңілін көншітпей жатады. Екі қолға бір күрек таппаған соң олар жұмыссыз жастардың санын көбейтуде.
Осындай пробелманың алдын алу үшін мемлекет жас мамандарға «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Серпін» секілді бірнеше бағдарлама мен жоба ұсынып отыр. Мәселен, өткен жылы «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарынан 1587 азамат онлайн түрде оқып, сертификат алған. Сондай-ақ 2022 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығына 723 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, оның 689-ы тұрақты жұмыспен және жұмыспен қамтудың мемлекттік қолдау шараларымен қамтылған. Осыған қарап мемлекет тарапынан жұмыссыз жастардың мәселесін шешуге арналған көптеген жұмыс атқарылып жатқанына көз жетті. Жастар өз кезегінде бұл қамқорлықты бағалап, тиімді пайдалануда. «Болашақ – жастардың қолында» екенін ескерсек, мемлекет те, жастар да бойкүйездік һәм масылдықпен күресті тоқтатпауы керек. Сонда жастар Neet санатынан – серт санатына ауысары хақ.
Сұлушаш МАДИЯРОВА