ҚАРАША – NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС АЙЫ
Алдымен қазіргі уақытта жиі қолданылып жүрген осы бір терминге тоқталайық. NEET дегеніміз – оқуға, еңбектенуге, ізденуге құлықсыз және саяси, азаматтық белсенділігі төмен жастар категориясы. Негізінен 15-28 жас аралығындағы жастарды қамтиды.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың «Облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің» кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес үстіміздегі жылдың қараша айы «NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау айы» ретінде белгіленген болатын.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың «Облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің» кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес үстіміздегі жылдың қараша айы «NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау айы» ретінде белгіленген болатын.
Осыған сәйкес 3-ші қараша күні Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кент және ауылдық округ әкімдері ZOOM платформасы арқылы онлайн, дербес бөлім басшылары, жастар ресурстық орталығының мамандары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
Кездесуге облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ахуалды талдау және ақпараттық-әдістемелік бөлімінің басшысы Алмагүл Құлмағамбетқызы, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ахуалды талдау және ақпараттық-әдістемелік бөлімінің кеңесшісі Шапағат Қожахметқызы арнайы қатысып, NEET санаттағы жастарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында тиісті мекемелердің ықпалының маңыздылын атап, ұсыныстарын берді.
Айта кетейік, ауылдық округтерде зерделеу жұмыстары 1 қазаннан желтоқсан айына дейін жалғасады, қазіргі таңда жұмысшы топ өкілдері Жиделіарық ауылдық округінде болып, жастардың ахуалын біліп үлгерген. Ал, зерттеу жұмыстары арнайы дайындалған сауалнама бойынша жүзеге асырылмақ.
Сауалнама нәтижесінде жинақталған мәліметтерге сараптама жұмыстары жүргізіліп, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес, маусымдық жұмыстарды және өзін жұмыспен қамтитын азаматтардың қызметін заңдастыру сынды кешенді шаралар жүзеге асатын болады.
Рамазан ӘНӘПИЯ