Егінді шегіртке жемесін
Ерте көктемнен бастап қансорғыш кене жерді жайлап, адамның да, төрт түлік малдың да құтын қашырды. Көктемнен бастап көктейтін егістік алқабындағы ағайындардың да қорқынышы осы. Одан қалды әлуметтік желіде көтерілген мәселе де кенеге келіп тірелді. Не керек, күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі қансорғыш кенеге айналды.
Кенеден сақтанайық
Иә, ала жаздай зиянкестердің көзін жою үшін біршама жиындар өтіп, тиісті улау жұмыстары да жүргізілді. Бірақ мұнымен қауіптің беті сейілмеді. Ауылдық жердегі ағайындар көкейдегі базынасын айтып, тиісті мекемелерден көмек сұрап біраз әбігерге түсті. Төрт түліктің қарасы мол саналатын ауданда өрістен желініне қаптаған қансорғыш жапсырып оралатын сиыр мен кенелеген жылқының жағдайы әлуметтік желіні қаптады. Денесін кене қаптаған төрт түліктің жем жеп, су ішіп, жарытып жайылмайтыны да анық қой. Көктем-күз айларында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында елді-мекендерде кенеге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Қатер айтып келмейді десек те, кене шағу салдарынан ажал құшып жатқан жандардың қатары да жоқ емес. Бұл бағытта жыл сайын түрлі шаралар қабылданып, тиісті жұмыстар да атқарылып келеді. Десе де, аудан көлемінде кенеден төніп тұрған қауіптен 17 елді мекен қолайсыз болып танылған. Атап айтқанда, Шиелі кенті, Бидайкөл, Ы.Жахаев, Н.Бекежанов, Орман шаруашылығы, Досбол датқа, Бәйгеқұм, Еңбекші, Қосүйеңкі, Майлытоғай, 20 бекет, Тұрсынбай датқа-Ботабай, Алмалы, Жиделіарық, Ш.Қодаманов, Бестам, Ортақшыл елді мекендері тіркелген.

Санитарлық эпидемиялогиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлзада Әйтекееваның сөзінше, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын күшейтіп, тұрғын үй аумағында жиналып қалған күл-қоқыстарды белгіленген қоқыс полигондарына шығару қажет. Осы арқылы дезинсекция жұмыстарының тиімділігі жоғары болмақ. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі тасымалдаушысы иксод кенелері. Сондықтан адамдар арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы кенелердің белсенділігі артқан кезде жиі кездеседі. Барша тұрғындар сақтық шараларын сақтап, өздеріне абай болған жөн, – деді.
Биыл 17 елді мекендегі 93 214 бас мал мен аумағы 231 831 шаршы метр болатын 6 836 мал қораны, 285 суат пен 148 шаңлақты «Satti tulik» ЖШС арқылы «Креолин Х5%» препаратымен 2 рет залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Ал ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мақсатында биыл мүйізді ірі қара – 18000, уақ мал – 36000, жылқы – 3000, түйе – 250, шошқа – 30 сырғалау жоспарланған болса, сол жоспарға сәйкес бүгінгі таңда мүйізді ірі қара – 21863 бас 121,4%, уақ мал – 45076 бас 125,2%, жылқы – 3072 бас 102,4%, түйе – 266 бас 106,4%, шошқа – 30 бас 100% бірдейлендіріліп (сырғалау, чиптеу) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (АШЖБ) дерек қор жүйесіне енгізілген. Иә, күз айы келіп, күн суыды. Қауіптің де беті қайтты. Ал көктем келіп, жердің тоңы еріп, бәйшешектер бүр жарғанда кененің әлегі тағы әурекершілікке салмай ма деген ой қылаң береді. Қансорғыш кенеден келіп жатқан қауіпті ескерсек, өткен жылы осы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы салдарынан Н.Бекежанов ауылының 17 жасар тұрғыны клиникалық белгі бойынша «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, ықтимал жағдай ауыр ағымы» диагнозы қойылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліп, реанимация бөлімшесіне жатқызылғаннан кейін көз жұмса, биыл аудандық ауруханада кене шаққан 51 жастағы тұрғын қайтыс болды. Жыл сайын елімізде кенеден келген қауіптің құрбаны болып отырған адамдардың саны артып келеді. Мұндай қайғылы жағдайға жол бермес үшін, залалсыздандыру жұмысын әлі де күшейту керек шығар, бәлкім.
Осы ретте, назарларыңызға негізгі аурудың белгілерін ұсынуды жөн көрдік. Конго-Қырым кенесі шаққан жағдайда дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тамаққа тәбеттің жоғалуы, құсу, жүрек айну, бұлшық еттердің ауыруы, бүйрек тұсының ауыруы, бастың, іштің ауруы байқалады. Осы белгілер байқалған жағдайда адам шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінбесе, әрі қарай қан кетумен асқынып, өлім жағдайына әкеліп соғуы бек мүмкін. Аталған белгілер байқалса міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Кез келген аурудың алдын алуға болады. Әр адамның сақтығы мен өмірі өз қолында екенін есте шығармағанымыз жөн.
Үйірлі шегірткелер үрей туғызады
Егіннің бітік шығып, өнімнің мол болуы топырақтың құнарына, су мен жылудың мөлшеріне ғана емес, алқаптың зиянкестерден дер кезінде қорғалуына да тікелей байланысты екені белгілі. Шегіртке зиянкестеріне қарсы жыл сайын жүйелі түрде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, зиянкестерді біржола құртып жіберу мүмкін емес жағдай. Олардың тек сан мөлшері азайтылып отырады. Жыл сайын химиялық күрес жұмыстары ұйымдастырылып, қаншама адам жұмылдырылып, мемлекет тарапынан қаражат бөлініп жатқанымен олардың таралуы кей жылдары өршіп кетіп жатады.

Биыл ауданда аса қауіпті зиянкес азиялық шегіртке дернәсілдеріне қарсы мониторинг жұмыстары 79000 гектар жерге жүргізілген. ЭЗШ-нен асқан 13400 гектарына (әуемен 12976 гектар, жер агрегатымен 424 гектар) химиялық өңдеу жұмыстары орындалған. Аса қауіпті шегіртке зиянкесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жер агрегатымен «Pest mosq treatment» ЖШС және әуе арқылы Авиакомпания «Дельта Юг» ЖШС-і жүргізді. Оның 6850 гектарына «Вантекс», м.к.с 352 литр және 6550 гектарына «Карат» супер, к.э 409 литр препараттары қолданылған. Сондай-ақ Азиялық шегіртке зиянкестерінің қанаттану, жұптасу, жұмыртқа салу кезеңінде жазғы-күзгі мониторинг жұмыстары тамыз-қыркүйек айы аралығында 119 мың гектар жерге жүргізіліп үлгерген. Қазіргі таңда ауданда калифорниялық қалқаншаға қарсы 5 гектар жерге нұсқама беріліп, тапсырылған жұмыс уақытылы орындалған. Арамсояуға қарсы 50 гектар жерге нұсқама беріліп шаруашылықтар тарапынан өз қаражаттарымен өңделген. Ал кекіреге қарсы 27 гектар жерге республикалық бюджеттен бөлінген «Фараон Гарант» гербицидімен РМК «Фитосанитария» тарапынан химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген. Карантиндік зиянкес қауын шыбынына химиялық өңдеу жұмыстарына 3 нұсқама беріліп, РМК «Фитосанитария» тарапынан химиялық өңдеу жұмыстары да жүйелі түрде атқарылған.
Қазақта «Шегірткеден қорыққан егін екпес» деген сөз бар. Десе де, егінге көлемді қаржы салып, бейнеттеніп отырғанда, тұтқиылдан жау шапқандай қалың шегіртке қаптағанда, егін жайы еш болары хақ. Шырылдауық шегірткеден келер қауіпті алдын-алып жүйелі жұмыстарды үздіксіз жүргізіп отырған жөн. Көктем келісімен ән шырқап, әр гүлге бір қонатын шегірткенің кесірі алаңдатпай қоймайды.
Дархан Байтілес