Аграрлық салада серпіліс бар
Соңғы жылдары ауданның әлеуметтік-экономикасы айтарлықтай дамып, алға басқанын жазып келеміз. Бұл дер кезінде оңтайлы шешім қабылдап, жаңа бағыттағы өзгерістерге айтарлықтай жол ашылғандығын көрсетеді. Бүгінде Шиелі ауданы аграрлық салаға бейім болғандықтан жыл сайын қамбаны қызылға толтырып, толымды жұмыстар атқаруда. Берекесі мен мерекесі жарасқан ауданның аграрлық саласы қарыштап дамып, озаттар қатарында көш бастап жүр. Осы тұста сан салаға басшылық етіп, ауданның әлеуеттін арттыруға сүбелі үлес қосып жүрген аудан әкімінің орынбасары Әпетов Ерсұлтан Амантайұлымен сұхбат жүргізген едік.
– Ерсұлтан Амантайұлы, бұрындары көшеде тері алатын. Бергі уақытта тері сатып алуға сұраныс бірден тоқтады. Қазіргі таңда ауданда тері өңдеу бағытында ешқандай фабрика, цех жоқ. Мал терісін өңдеу бағытында жұмыс жүргізіле ме?
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалануымыз керек» деген болатын. Бұл мәселеге мал терісі мен қой жүні де кіруі керек. Себебі жылдар бойы жыр болған жүн жыры бір арнаға келер емес. Бұл әрине таптаурын болған тақырып. Алайда төрт түлігін төскейге өргізген ауылдағы ағайын үшін әлі де күн тәртібінен түскен жоқ. Дегенмен мал терісіне сұраныс бұрындары жақсы болса, қазіргі таңда мал терісін қабылдайтын орталықтар жоқ. Осы бағытта аудан кәсіпкерлеріне тері өңдеу цехтары мен тері қабылдау орындарын ашу жөнінде ұсыныстар беріліп, мемлекеттен жеңілдетілген несиелер алуға болатындығы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мал арнайы орындарда сойылмағаннан кейін, теріге зақым келіп қабылдау орындары теріні жаратпай жатыр. Бұл бағыт бойынша әлі де тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл мәселенің де оңтайлы шешімі табылатын болады.
– Көршілес жатқан Қармақшы ауданында үлкен тауық фабрикасы, Жаңақорғанда қызанақ өнімін өндіретін үлкен өндіріс орны бар. Ал біздің ауданда бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Жақында ғана Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Бидайкөл ауылында «Қызанақ пастасын өндіру цехын» іске қосу қолға алынған болатын. Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты қорғау министрлігінің кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру мақсатында жеңілдетілген несие түрі бекітіліп, аз мөлшердегі үстемақымен несие беретін «Ауыл Аманаты» жобасы іске асырылды. Осы жоба аясында Бәйтерек ауылдық округінде «Barly Bai K» өндірістік кооперативі құрылып, мемлекет тарапынан қолдау тауып 27,6 млн теңге қаражат мақұлданған болатын. Бағдарлама арқылы алынған қаражатқа Ресей ден құрал-жабдықтар сатып алынды. Қазіргі таңда құрал-жабдықтар орнатылып, сынақ ретінде іске қосылып, бірінші өнім түрлері алынды. Жоба толыққанды іске асырылған жағдайда 6 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жобаның жалпы жобалық құны 48 млн теңгені құрап отыр. Бүгінде жобаның ресми ашылу салтанаты жоспарланып жатыр.

– Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында әр саланы қамтып, Қазақстанның өсіп-өркендеу жолындағы түрлі бағыт бағдарды ұсынды. Соның ішінде ел экономикасының тірегі ауыл шаруашылық саласы екенін айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ауыл шаруашылық саласында қандай оң көрсеткіштер бар. Айта өтсеңіз.
– Ауданда 10 айлық көрсеткіш бойынша ауыл шаруашылығы саласында 40 млрд 599 млн 400 мың теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5 пайызға артты. Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі индикаторларының іс-шара жоспарына сәйкес, мал шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. 2023 жылы аудандағы ірі қара саны – 93 220, қой мен ешкі – 138 883, түйе – 1705, құс – 30 079, жылқы – 24 633 басты көрсетіп тұр. Сондай-ақ биыл төрт түлік малдан 4500,4 тонна ет (тірілей салмақта), 17642,5 тонна сүт өндірілді. Биыл ауданда 30 792 гектарға егін орналастырылды. Негізгі дақыл күріштің үлесі – 13 176 гектарды құрады. Атап айтар болсам, күздік бидай – 1 387 гектарға, жаздық бидай – 240 гектарға егілді. Ал тары – 240, дән жүгері – 103, мақсары – 877 гектарды құрап, жаңа жоңышқа – 3 421, ескі жоңышқа – 5 584 гектарға орналастырылды. Күнбағыс – 15, мал жемдік асқабақ – 201, жемдік жүгері – 71 гектарға себілсе, картоп – 1 223, көкөнiс – 1 818 гектарға егілді. 2 436 гектар жер бақша дақылдарына тиесілі болып, өнімдерді жауын-шашынға қалдырмай жинап алдық. Аталған егіске 14 335 тонна минералдық тыңайтқыш пен 12 045 литр арамшөптерге қарсы гербицид қолданылды. Биыл облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен әр тұрғын өзін-өзі бақша өнімдерімен қамту мақсатында 1520 гектар қосымша жер ашылып, тұрғындар тарапынан көкөніс, бақша дақылдары егілді. Оның ішінде 406 гектары картоп, 527 гектары көкөніс және 587 гектары бақша дақылдарының үлесінде. Бүгінде өнімдер толық жиналып жоғары өнім алынды. Сонымен бірге 13 176 гектар күріштің әр гектарынан 56 центнерден өнім алынып, 73 786 тонна Сыр салысы өндірілді. Биыл да Шиелі ауданы ауыл шаруашылығы саласы бойынша биіктен көрініп, егін шаруашылығынан облыста «Үздік аудан» атанды. Бұл үлкен еңбектің арқасында жеткен жетістік. Диқан қауымының ерте көктемнен бастап төккен тері лайықты бағаланды деп ойлаймын. Бүгінде ауыл шаруашылық құрылымдары жаңа үлгідегі МакДон, Джон Дир, Класс, Енисей, Есіл маркалы соңғы үлгідегі ауыл шаруашылық техникаларымен толықты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында күзгі дала жұмыстарына 331 дана трактор, 117 дана комбайн, 63 дана жатка, 52 дана автомашина және 164 дана трактор дайын. Ауданда кейінгі 4 жыл көлемінде отандық және шетелдік техникалармен 57 пайызға техника паркі жаңарды. Жақында ғана ауданға ауыл шаруашылығы құрылымдары жаңадан 6 комбайн, 3 жүк тиегіш және 12 трактор алынып, ауданға 1 млрд 177 млн 519 мың теңге инвестиция тартылды. Бұл да ауыз толтырып айтарлық жетістіктер деп санаймын. Бізде әлі де ауқымды жұмыстар мен жоспарлар бар. Мұның бәрі алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.

– Мал шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылатын агроөнеркәсіп секторының ең әлеуетті бағыты. Шиелі ауданында ауқымды жайылым жерлер мен қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар аталған саланың ойдағыдай дамуына септігін тигізіп жатыр ма?
– Сұрағаңыз орынды. Ауданның жалпы жер көлемі 3 млн 239 мың гектарды құрайды. 6 санаттың жерлері бар. Басым бөлігі 1,6 млн гектар орман қоры жерлері. Дегенмен ауданда Қаратау жотасы, Сарысу массивтері сынды табиғи жайылымдар бар. Аталған жайылымдар негізінен көктемде көктеу, жазда жайлау ретінде пайдалануға өте қолайлы. Геоботаникасы табиғи шөптердің мезгіл мезгілмен шығуы малшылар үшін таптырмас жайлы жағдай туғызады. Әрине, аталған аумақтардан қажетті жайылымдар «Жайылымдар туралы» ҚР Заңына сай арнайы елді мекен малы үшін белгіленіп, жайылымдарды басқару жоспарына сай сызылған.

– Биыл ауданда қанша шақырым жол жөнделді? Келесі жылы да жол жөндеу жұмыстары жүргізіле ме?
– Қай ел мен жер болса да жол мәселесі күн тәртібінен түспейтін мәселе. Қазақта «Жол мұраты жету» деп жатады. Аудан халқы үшін жол мәселесін шешу бағытында түрлі жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын көз көріп жүр. Бұрынғы ойлы-шұқырлы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта жаңғырды. Биыл аудан орталығындағы көшелерді жөндеу жұмыстарына республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен елді мекен көшелерін жөндеуге 2 031 371,9 мың теңге қаралып, келісім шарт жасалып, қазіргі уақытта 1 614 399 414 мың теңге игерілді. Бұл дегеніміз – бөлінген қаржының 79 пайызы игеріліп, нақты жұмыстар жүргізілгенін көрсетеді. Одан бөлек Сұлутөбе елді мекеніндегі М.Тоқмағамбетов автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмысын аяқтауға облыстық бюджеттен 241 285,4 мың теңге қаралып, құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, нысан ел игілігіне пайдалануға берілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 елді мекеннің жалпы ұзындығы 29 шақырымды құрайтын 28 көшесін орташа жөндеуге 561 282,8,0 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда, Бәйгеқұм ауылында 4 көше, Ш.Қодаманов ауылында 2 көше, Ақмая ауылында 2 көше, Ы.Жақаевта 9, Балабиде 6, Тартоғай ауылында 2 көше, Шиелі кенті Арай мөлтек ауданында 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Сұрақ барысында келер жылы тағы да ауданда жол жөндеу жұмыстары жүргізіле ме деген сауал қойдыңыз. Бұл сұрағыңыз да өте орынды. Иә, келер жылы ауданда автомобиль жолдары бойынша 7 жобаны жүзеге асыруға қажетті 7 млрд 169 млн 384 мың теңгенің республикалық және облыстық бюджеттерден қаралуына өтінімдер берілді. Алдағы уақытта мұның да оң қорытындысы алынады деген үміттеміз. Биылдың өзінде ауданда ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жүргізілді. Сонымен бірге «Самара – Шымкент» автомобиль жолының 1942+200 шақырым учаскесіндегі көпірді және «Шиелі – Ақмая» аудандық маңызы бар автомобиль жолының «Жаңа Шиелі» каналындағы көпірді, «Жансейіт – Ортақшыл» аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларын алуға бюджеттік өтінімдер тапсырылды. Осы ретте, аталған көпірлерді жөндеу жұмыстарына 6 355,0 мың теңге қаржы бөлініп, ЖСҚ әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланып, бас жобалаушы мекемелермен келісім шарттар жұмыстары жасалды. Тағы бір айта кетерлік жайт, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының 2023 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 73 пайызды құраса, елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 88 пайызды құрап отыр. Бұл аудан мен ауылдық елді мекендегі жолдардың сапасы жақсы деген сөз. Міне, отыз екі жылдың бедерінде өңірдің ауыл шаруашылығы мен экономика саласы алшаң басып, кейбір тұста рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Әрине, бұл баянды болашақ пен кемел келешекке бастаған нұрлы қадам екені сөзсіз. Алдағы уақытта да аграрлық сала мен қатар аудан әлеуеті алған бағытынан таймай, толайым табыстарға қол жеткізетініне сенім мол.

– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан
Дархан Байтілес
Дархан Байтілес