Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛТЫН КҮЗ-2018 (бЕЙНЕБАЯН)

АЛТЫН КҮЗ-2018 (бЕЙНЕБАЯН)

«Алтын күз – 2018» мерекесінің жалғасы театрландырылған қойылым, ауылшаруашылығы озаттарын марапаттау, мерекелік шарасы өтті.
Шиелінің ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері биылғы дәстүрлі «Алтын күз - 2018» мерекесіне жарқын жүзбен келді. Мұның себебі Шиелі ауданы агроөнеркәсіптік саланың барлығында нәтижелі табысты жыл болды. Диқандар мен малшылар азық-түлік өнімдерін өндіруді еселей түсті. Аудан орталығындағы И.Құтпанұлы атындағы орталық стадионда өткізілген жыл қорытындысын көзбен көріп, құлақпен есітуге жиналған халықтың бүгін қарасы қалың.
Киелі Шиелінің топырағында дүниеге келіп, есімдері алтын әріппен жазылған тумысы бөлек тұлғалар, ұлтымыздың мақтан тұтар ұлылары мен ұлықтары жетерлік. 41 Еңбек Ері шыққан ауданның еңбеккерлері биыл да қамбаны астыққа толтырып, береке мен бірлігін күллі елге танытып отыр.
Диқандар мен малшылардың биылғы табанды еңбегінің қорытындысы сараланды, қол жеткізген табыстар мен жетістіктері жиналғандардың назарына ұсынылды. Өткізіліп жатқан мерейлі мерекеге арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Қожанязов Серік Салауатұлы «Алтын күз - 2018» мерекесімен және тарихы кемел, тамыры терең Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Сондай-ақ, Шиелі ауданының аграрлық салада атқарылған жұмыстарына жақсы баға берді. Мереке барысында сөз алған аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ауданның еңбек озаттарына сый-сияпат жасаса, мерекенің соңы аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты.
13 қазан 2018 ж. 1 672 0