Білім ошағындағы кездесу

Осы ретте, аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов Шиелі индустриалды-аграрлық колледжіне барып, білім ошағындағы білікті маман иелерімен кездесіп, колледждегі оқу кабинеттері мен шеберханаларды аралап, әдістемелік орталық пен өлкетану мұражайын тамашалап, оқу процесімен танысып қайтты.
Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі болашақ мамандарды жоғарғы деңгейдегі білім сапасымен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру кадрларының бәсекеге қабілеттілігін көтеру басты мақсаттарының бірі. Жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатуда. Сондықтан болар бұл оқу орын қоғам сұранысын өтеп, өндіріс орындарына 9 түрлі мамандық бойынша мамандар дайындауда.
«Өскен Өңір» ақпарат