Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқа мінді ақының

Атқа мінді ақының

Астана қаласында өткен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында бірінші орынды қанжығасына байлап, «Айтыстың ақтаңгері» деген абыройлы атпен, елге оралған Мейірбек Сұлтанханды аудан халқы ерекше құрметке бөлеп, тұлпар мінгізді.
Жыр додасында жүйрік шыққан перзентін аудан әкімі Нұржан ­Ахатов, айтыскер ақын Мұхтар ­Ниязов, Мейірбек Сұлтанханның ұстазы Кенжебай Жүсіп, билер кеңесінің төрағасы Болат Баймағамбет, аудандық мәслихат депутаты Нұргүл Шәлекеева, зиялы қауым өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.
Шара барысында аудан әкімі Нұржан Ахатов сөз алып, Сыр өңірінің мерейін үстем еткен Мейірбек Сұлтанханды жеңісімен құттықтап, тұлпар мінгізді.
– Бүгін біз үшін «ақ түйенің қарны жарылған» қуанышты сәт туып отыр. Себебі жерлес ініміз Мейірбек Сұлтанхан Елордамыз Астана қаласында өткен, «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында 1-інші орынды қанжығасына байлап, «Айтыстың ақтаңгері» деген абыройлы атпен елге оралды. «Өзің үшін күресетін кездер болады, елің үшін күресетін кездер болады» деп Қадыр Мырза-Әлі ағамыз айтқандай, расында өзің үшін күрессең, өзіңнен басқа ешкім қуанбайды, ешкім мұңаймайды, ал ел үшін күрескенде, жеңілуге қақымыз жоқ. Сондықтан Мейірбек бұл айтыста жеке басы үшін емес, бүкіл Сыр елінің үкілеген үмітін арқалап кетті және сол үмітті толықтай ақтап елге оралды. Туған жердің қасиетін қанша жырласаң да, оның даңқын шығаратын, айшықтап, әрлейтін туған жердің өр перзенттері. Осы ретте, Мейірбек сынды талантты ақын ұлы бар Шиелі топырағы жұтамасы анық, – деді.
Шара соңында аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Байкенжеев ізгі тілегін жеткізіп, ақ батасын берді.

Дархан Байтілес
20 қараша 2023 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031