Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан етеді

Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан етеді

Есірткі шегіп, еркін жүрмек | Aikyn.kz Бүгінгі қоғамда белең алып отырған, ең өзекті мәселердің бірі де, бірегейі – қауіпті дерт туралы сіздерге үндеу жолдағалы отырмын. Қазіргі қоғамның болашағы адамдардың рухани және жандық саулығының ұзақтығында болмақ. Олай болса, әр адам баласының тағдыры өз қолында екенін, сол үшін күресіп өмір сүретінін білеміз. Адам баласы –өз өмірінің сәулеткері. Ертеңіне кәміл сенген ел: «Жастар- болашаққа апаратын алтын көпір» дейді дана халық. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп түсініп, өне бойымызға ұлттың намысын жоғары қоюымыз керек. Бұл үшін біз жастар бойымызды әлдебір жаман қылықтан аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Дана халқымыз «Бала-біздің болашағымыз» деп, баланы ұрпағының жалғасы деп біледі. Ал егерде сен денсаулығыңды жоғалтып алсаң, сен бәрін де жоғалттың деген сөз. Қазақ жастары еңселі тәуелсіз еліміздің болашағы, денсаулығы мықты ұрпақ болып өсуі тиіс. Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан ететінін естен шығармауымыз қажет. Жоғарыдағы жәйттарды ескерте отырып, жас достар сіз болып, біз болып жаман әдетке қарсы тұралық дегім келеді.
Қайратханқызы Қарақат
№155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Шиелі ауданы, Досбол би ауылы
7 «б» сынып оқушысы
10 қараша 2023 ж. 192 0