Есірткі адамды өлтіреді.
ХХ ғ. аяғында ішімдікті, есірткіні және психобелсенді заттарды шамадан тыс пайдалану індетке айналды. Шылым шегу, ішімдікті пайдалану, ал соңғы кездері есірткіні жастар мен жасөспірімдердің пайдалануы кеңінен тараған және құбылысқа айналды.
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің психобелсенді заттарды пай- далануына байланысты жағдай қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені, бұл мәселе медициналық, психологиялық, әлеуметтік, заңдық, этикалық көзқарас тұрғыдан қарастырылады.Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беретін мектептердің 9-17 жастағы оқушыларының неғұрлым көп пайдаланатын есірткі заттары марихуана,ал алкогольді сусындардың ішінде—сыра.
Марихуана-құрамында
есірткілік заттары бар copa түрлерінің кептірілген, уақталған гүлдері мен жапырақтары.
есірткілік заттары бар copa түрлерінің кептірілген, уақталған гүлдері мен жапырақтары.
Марихуананы қолданған адам ең алдымен, бөгде заттың басқаруындағы адам өз-өзіне ие бола алмайды.1986-1993 ж.ж. Швецияда есірткілермен байланысты өлімші жағдайларды зерттеу жүргізілді. Оның көрсетуі бойынша осы топтағы өлім жағдайлары өзіндік сипатқа ие: кісі өлтіру, өзін-өзі өлітіру және жол-көлік оқиғалары. Кейбір кісі өлтіру оқиғалары қылмыскердің дәл марихуана әсерінде болған кезінде жасалғаны дәлелденді.
Марихуана шегудің тікелей әсерлері:
жүрек және тамыр соғысының жиілеуі;
көз ағының қызаруы;
дене температурасынның төмендеуі;
Жадының бұзылуы;
Кәрімқызы Эльнура,
214 орта мектеп
214 орта мектеп