Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕНБІЛІК ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

СЕНБІЛІК ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Көктем, күз мезгілдерінде жүргізілетін тазалық жұмыстары барша қоғамның ортақ міндеті. Күздің қара суығы басталмас бұрын көше бойларын ағаштан түскен жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтардан тазартқан мекеме қызметкерлеріне өз үйлерінің маңайын жинақтаған тұрғындар көмекке қосылады.
Ауданның жұртшылығы күз келісімен тазалық жұмыстарына білек сыбана кірісті. «Тазалық – саулық негізі» деген аталы сөзді ардақтай білген аудан халқы ұдайы тазалық жұмыстарын қолға алып, әр аптаның сенбісінде сенбілік ұйымдастыруда. Мәселен, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері «Көкшоқы» мөлтек ауданындағы ГРП-2 көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық күнінде ғана емес, белгіленіп қойған сенбіліктерде ғана емес, күнделікті өмірде әрқайсысымыз өзімізді табиғатты қорғаушы ретінде сезіне отырып, тазалықты сақтасақ, айналаны ластамауға атсалыссақ жақсы өзгерістерге қол жеткізеріміз анық.

«Өскен өңір» ақпарат
06 қараша 2023 ж. 414 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31