Еңбектің көзін тапқан – Жұмағали
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өзі: «Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән береміз. Елімізде түрлі саланың кәсіби мерекесі бар. Көбінесе мұндай мейрамдар назардан тыс қалып жатады. Менің ойымша, «Еңбек күніне» орай ең үздік мамандарды мемлекеттік деңгейде ұлықтаған жөн. Бұл қадам қоғамда еңбек культін орнықтыруға жол ашады», деп айрықша атап өтті. Осы орайда таңмен таласа тұрып, еңбекке кірісуді әдетке айналдырып, такси тұрағындағы ауыл тұрғындарын діттеген жеріне жеткізетін еңбекқор жанның бірі – Жұмағали Нәбиұлы жайлы әңгіме өрбітпекпіз.
Такси қызметі қаражат көзін табудың ең қарапайым жолы десек те болады. Осы кәсіп арқылы бейнеттің зейнетін көрген жандар мен жұмыссыз жүрген жастар нәпақа табуда. Қаламымызға арқау болған бүгінгі кейіпкеріміз Еңбекші ауылы мен Шиелі кентінің арасында жолаушы тасымалдаумен айналысып, несібесін жолдан іздеп жүрген жан. Жұмағали Нәбиұлын тәжірибелі таксист десек те болады. Себебі 20 жылдан бері ауыл халқының аман-есен кентке қатынауына себепкер болып келеді. Ауылдағы әріптестерінің айтуынша, Жұмағали ауылдағы ең жайлы таксист. Оның көлігіне отырған әр жолаушыны сырттан келген қонағындай қарсы алып, әзіл әңгімесімен, парасат пайымымен жол серіктерінің көңілін көтеріп отырады. Алпысты алқымдап қалған ағамыз денсаулығы жарап тұрса, еңбектен қашпай, маңдай термен табыс тапқанды құп көреді. Өйткені бұл жатып ішуге әдеттенген жастарға үлгі боларлық жайт.

– Қашан да адал еңбекпен тапқан нан тәтті болады. Таңмен таласа тұрып, көлігімнің май-суын қарап, өтініш айтқан жұртшылықты аудан орталығына аман-есен жеткізіп, кезекті кезегімді күтіп, қайта ауылға қайтамын. Бұл күнделікті жүргізіліп жатқан жұмыс. Маған ең бастысы – халықтың амандығы. Жол бойында жүрген соң, жол шетінде болып жатқан түрлі апаттарды көзің шалады. Жүйткіген көлікті баса берсең жүре береді. Ал қара жол мүлт кеткен қателікті кешірмейді. Сондықтан жол бойындағы белгіленген ережелерді назарда ұстап, асықпай ауылға барамын. Өзім осы салада жүргеніме 20 жылдан астам уақыт болды. Құдайдың берген несібесін тауып, отбасымды асырап келемін. Біз алпысты алқымдаған жандармыз. Бірақ тепсе темір үзетін жігіттер құр сандалып жүргендеріне қайран қаламын. Адал бейнетпен тапқан табыс пен жұмыстың ұяты жоқ. Сол себепті қазіргі жастар құр сенделмей, өзіне ыңғайлы жұмыс істеп, нәпақасын тауып отырса жөн болар еді, – дейді Жұмағали Нәбиұлы.
Иә, екі қолға бір күрек іздеген жандар алпысты алқымдамай-ақ, аудан маңайындағы жұмысты қанағат тұтса болғаны. Сырт жерде жұмыс істеген адамның шегі көгере бермейтіні тағы бар. Айлықтың жартысы тамаққа, жартысы жалдамалы пәтерге кеткенде, қалтаңда санаулы ғана теңге қалады. Елде тапқан табыстың берері де, берекесі де көп болмақ.
Дархан Байтілес