Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірін түлеткен, ерлерін жыр еткен – Шиелім

Өңірін түлеткен, ерлерін жыр еткен – Шиелім

Тарихы терең, шежірелі Шиелінің 95 жылдығы аудан аясында аталып, өтіліп жатқандығы белгілі. Сол жылдардың ішінде ауданның патриоты болып, халқының адал перзенті екендігін көрсете білген, қоғамға пайдалы еңбегімен адал тер төгіп жүрген азаматтар өте көп.
Осыған орай, кеше Шиелі аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданға еңбегі еленген азаматтар мен түрлі сала қызметкерлері 95 жылдықтың төсбелгісімен марапатталды. Оның ішінде шаруа қожалық төрағалары, жеке кәсіпкерлер, ауған соғыс ардагерлері, бөлім басшылары, сала үздіктері, бірлестік мүшелері құрметке ие болды. Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерсұлтан Апетов ашып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды көп жылдық жемісті еңбектері мен қызметтері үшін «Шиелі ауданының 95 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Атап айтсақ Бағлан Әшірбеков, ­Балтабай Қошқаров, Алмат Алдабергенов, Жеңіс Әлжанов, Серікбай Берімбетов, ­Болат Сарбасов, Дана Аман, Оралбек ­Ержан, Баймұратова Жібек, Ғабит Қалқұлов, ­Айзада Әшімқызы, Мақсұт Ибрашев, Қалықберді Мықанов, Айткүл Әбдіқадірова, Алтынгүл Керімова, Зульфия Шалабаева төсбелгімен марапатталды.
Солардың бірі облыстық «Кызылординские вести» газетінің Шиелі, Жаңақорған ауданы бойынша меншікті тілшісі Мақсұт Ибрашев. Ол төсбелгінің иесі атанғанына өте қуанышты екендігін білдіріп, әр азамат туған елінің көркеюі, өркендеуі жолында қызмет етуі тиіс, сонда Шиелі жері әлі талай белестерді бағындыратындығын атап өтті. Алдағы жылдары Шиелінің тарихы 100 жыл ширек ғасырға жетіп, әлі талай еңбегі еленетін азаматтар көп болатындығын айта кетті.
Шара соңында төсбелгі иелері естелік суретке түсіп, бір-бірін ыстық ықыласпен құттықтады.

Шарапат Мұратқызы,
сурет Бақытжан Бәйімбеттікі
06 қараша 2023 ж. 142 0