Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛЕНГЕН ЕҢБЕК, МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ

ЕЛЕНГЕН ЕҢБЕК, МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ

Жоғары деңгейде өткен «Алтын күз – 2022» мерекесіне белсене қатысып, баршаға ортақ науқанды абыроймен өткізу үшін атсалысқан бірқатар мекеме басшылары, шаруа қожалық төрағалары, жеке кәсіпкерлер, бөлім басшылары мен қызметкерлер 16 қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында марапат төрінен көрінді.
Жиынды аудан әкімі Нұржан Ахатов ашып, молшылық мерекесін жоғарғы деңгейде өткізуге өз септігін тигізген азаматтарға шынайы алғысын білдірді.
– «Алтын күз – 2022» мерекесіне белсене қатысқандарыңыз үшін барлығыңызға алғыс білдіремін. Осы еңбектеріңіз арқылы сіздер шиелілік диқандардың ала жаздай еткен еңбегінің лайықты түрде бағалануына үлес қостыңыздар. Алдағы уақытта да ауданды дамыту жолындағы игілікті істердің басы-қасында жүретіндеріңізге сенеміз, – деді аудан әкімі.
Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, қоғамдық кеңес төрағасы Қабілеш Бекішов сөз алып, жанашыр азаматтарға рақметін айтты.

«Өскен өңір» ақпарат
21 қараша 2022 ж. 440 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 30

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930