Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҺАДҮР БАБАЛАРДЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІН ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРЛЕРІ ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА - ЕЛБАСЫ

БАҺАДҮР БАБАЛАРДЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІН ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРЛЕРІ ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА - ЕЛБАСЫ

Баһадүр бабалардың ерен еңбегін егемен елдің ерлері лайықты жалғастыруда. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын табыстаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  «Баршаңызды келе жатқан Отан қорғаушы күнімен және Ұлы жеңіс мерекесімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Қатар аталған осы қос мерекенің алдында әр уақытта Бас қолбасшы ретінде жоғары дәрежелі шендер мен атақтарды және марапаттауды жасайтынымды өздеріңіз білесіздер. Ерлік пен патриотизмге дәріптейтін осы айтулы күндер биыл Астананың 20 жылдық мерейтойымен тура келіп отыр.
  «Қазақта елді қорғау - ердің ісі, ерді қолдау - елдің ісі» деген қанатты сөз бар. Сондықтан мен бүгін сіздерге жетістіктіктеріңіз үшін, халыққа үздік қызметтеріңіз үшін арнаулы атақтар мен шендерді тапсырғалы отырмын», - деп атап өтті Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы мінсіз әскери қызметі мен ерен еңбегімен ерекшеленген азаматтарға да еліміздің жоғары дәрежелі орден, медальдарын тапсырғалы отырғанын атап өтті.
03 мамыр 2018 ж. 1 139 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930