Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Парақорлық пайда бермейді

Парақорлық пайда бермейді

Жемқорлықты жеңудің жолы бар | DalanewsСыбайлас жемқорлық – лауазымды адамның өзінің билік өкілеттілігін және өзіне берілген құқықтарын белгіленген ережелерге қайшы жеке басының пайдасына қолдануы. Бұл термин көбіне бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты қолданылады. Жемқорлыққа жетелейтін басты нәрсе – билік өкілеттігін пайдалана ­отырып, экономикалық пайда табу мүмкіндігі, ал ­басты қаупі – оны әшкерелеу мен жазалау. Сыбайлас жемқорлық жақсы жағдайға ие болу үшін сыйлық жасау дағдысынан бастау алады. Қымбат сыйлық адамды өзге сұраушылардың арасынан бөлуге, даралауға, сол үшін заңды аяққа басуға алып келеді. Парақорлық – сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табумен сипатталады. Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алуы ғана емес, сонымен қатар, пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жемқорлық тек парамен ғана шектелмейді. Күресті алдымен сыйластықтың өзінен бастау керек.
Яғни, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу немесе беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету және басқа осындай қылмыстардың барлығы сыбайластық жемқорлық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайластықтың тамырына балта шабылса, жемқорлықтың жолы кесілері анық. Сыбайластықты қоздырушылар – жерлестік, тамыр-таныстық байланыстар. Сыбайлас жемқорлықтың жылдан-жылға ұлғаюы аталған әлеуметтік кеселмен күресті күшейтуді қажет етеді. Сондықтан да әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.

А.Әлиев,
аудандық Қазынашылық басқармасы
бас маман-бас қазынашы
11 қазан 2023 ж. 292 0