Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мамық» цехы мамық өнім ұсынады

«Мамық» цехы мамық өнім ұсынады

Біріңіз білсеңіздер, ал біріңіз білмейтін де шығарсыздар. Көкшоқы мөлтек ауданында тұрмысқа қажетті бұйымдар тігетін «Мамық» деген тігін цехы бар. Мақаламызға арқау болып отырған цех жайлы кеңірек тарқатып көрелік.
Ерекшелігімен көзге көрініп тұратын «Мамық» тігін цехы 2015 жылы ашылған. Бұл цехты өз ісінің шебері, еңбекқор Тамара Асқарқызы басқарып отыр. Мұнда біз көрпе-көрпеше, жайма жапқыштар мен заманауи шоперлер, тоқыма сөмке, жастық тыс секілді түрлі бұйымдарды кездестірдік. Тіпті Петропавлдан арнайы қаздың жүнін алдырып, содан жастық жасайды. Бағалары да қолжетімді. Атап айтсақ, үйіңіздегі ескі құс жастығыңызды тазартқыңыз келсе, дайын күйінде қолыңызға алатын бір жастықтың құны – 2000 теңге, ал қаз жүнінен жастық – 10 мың, синтефон жастықтың бір данасы – 2500 мың, жұбымен алсаңыз 5 мың теңге. Тоқыма сөмкелер – 5-10 мың арасында болса, шелпекке арналған жапқыштар – 3 мың теңге,көрпеше – 8500 теңге, көрпе – 7000 мың теңге, кішкентай балаларға арналған жүннен басылған аяқ киім – 5000 теңге, шоперлер 3 мың теңгеге, сыпыра – 5 мыңға сатылуда.
– Жастық тазалау процесі ұзақ уақыт алмайды, небәрі 15-20 минуттық шаруа. Тапсырыс берушілер жұмыс барысын бақылап тұра алады. Шамамен 10 ескі құс жастықтан 6-7 данажаңа жастық шығады. Біткен соң тапсырыс берушіге шыққан қоқысты көрсетеміз. Сонда біздің жұмысымыздың қаншалықты шынайы екенін байқайды, – дейді ол.
Ендеше, сіздерге жастықтың қалай тазалайтыны қызық па? Алдымен, өңдеу барысында жастық ішіндегі қауырсындар бактерияны жоятын ультракүлгін сәулесімен тазартылып, кептіру арқылы қоқыстан ажыратылады. Содан кейін тазартылған мамық жаңа жастық қабына, ал жастық ішінен шыққан майда тастар, құм, шыбық сынды қоқыстар қондырғының арнайы бөлігіне жиналады. Қайта өңдеу барысында жастық тек қана тазармайды, өзінің байырғы пайдалы қасиеттерін қалпына келтіреді. Жаңа жастық алсаңыз да, оның ішінде қандай қалдықтар барын білмейсіз.
Бүгінде Тамара Ақмағамбетова 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кейіпкеріміз өмірге деген құлшынысы жоғары, өз ісіне жауапты, тиянақты, арманы шексіз, ерік-жігері мықты, қиындыққа еш мойымайтын өзгеше жан. Аудандағы көптеген қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады.
Тігін цехын өз көзімізбен көріп, шолу жасағаннан кейін, ерекше әсер алдық. Неге осындай цехтарды халық танып-білмеске деген оймен қолға қалам алдық. Өзімізде өндірілетін, жерлестеріміз өз қолымен жасаған дүниелерді қолдай білсек, шиелілік брендтерді қалыптастыруға жол ашылары сөзсіз. Олай болса, «Мамық» тігін цехынан өзіңізге ұнаған затты алып үлгеріңіз.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
09 қазан 2023 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9237)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (9236)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (9235)

07 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30