Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастық тазалайтын жалқы цех

Жастық тазалайтын жалқы цех




Өңдеу барысында жастық ішіндегі қауырсындар бактерияны жоятын ультракүлгін сәулесімен тазартылып, кептіру арқылы қоқыстан ажыратылады. Содан кейін тазартылған мамық жаңа жастық қабына, ал жастық ішінен шыққан майда тастар, құм, шыбық сынды қоқыстар қондырғының арнайы бөлігіне жиналады. Қайта өңдеу барысында жастық тек қана тазармайды, өзінің байырғы пайдалы қасиеттерін қалпына келтіреді. Жаңа жастық алсаңыз да, оның ішінде қандай қалдықтар барын білмейсіз. 

Кейбірінен пакеттің қиындылары, мақтаның таяқ қалдықтарына дейін шығады. Ал ондай қоқыс заттар адамның денсаулығына кері әсер етіп, аллергиялық қоздырғыштың қызметіне жол ашады. – Жастық тазалау процесі ұзақ уақыт алмайды, небәрі 15-20 минуттық шаруа. Тапсырыс берушілер жұмыс барысын бақылап тұра алады. Шамамен 10 ескі құс жастықтан 6-7 дана жаңа жастық шығады. Біткен соң клиентке шыққан қоқысты көрсетеміз. Сонда біздің жұмысымыздың қаншалықты шынайы екенін байқайды, – дейді ол. 

Тазалап болған соң жастықтың тысын тігіп, тап-тұйнақтай етіп иесіне тапсырады. Тынымсыз Тамара тек жастық тазалаумен шектелген жоқ. Көкшоқы мөлтек ауданында тұрмысқа қажетті бұйымдар тігетін «Мамық» деген атпен тігін цехы бар. Онда көрпе-көрпеше, жайма жапқыштар мен заманауи шоперлер, тоқыма сөмке, жастық тыс секілді түрлі бұйымдар тігеді. Тіпті Петропавлдан арнайы қаздың жүнін алдырып, содан жастық жасайды. Бағалары да қолжетімді.

Мәселен, үйіңіздегі ескі құс жастығыңызды тазартқыңыз келсе, дайын күйінде қолыңызға алатын бір жастықтың құны – 2000 теңге, ал қаз жүнінен жастық – 10 мың, синтефон жастықтың бір данасы – 3 мың, жұбымен алсаңыз 5 мың теңге. Тоқыма сөмкелер – 5-10 мың арасында болса, шоперлер 2-3 мың теңгеге, сыпыра – 6 мыңға сатылуда.

Бүгінде Тамара Асқарқызы өзі тағдырлас 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Иә, ол арбаға таңылса да өмірге деген құлшынысы жоғары, арманы шексіз, ерік-жігері мықты, қиындыққа еш мойымайтын жан. Аудандағы көптеген қоғамдық іс-шараларға да белсене қатысады. Өзеннің ағысын тоқтатуға болса да, өмірдің ағысы тоқтамайтынын айтқан кәсіпкердің еңбекпен өрілген саналы ғұмыры бүгінгі ұрпаққа үлгі болатындай.
18 сәуір 2023 ж. 250 0