МАМЫҚ СЫРТ КИІМДІ ҚАЛАЙ ЖУАМЫЗ?
Мамық күртке суда жүзетін құстар мамығынан жасалады. Алайда, қазір мамық күртке деп аталатындардың барлығы бірдей табиғи материалмен толтырылмаған. Сондықтан кез келген жылытқышы бар күрткені қалай жууға болтындығын ұсынамыз. Күрткенің жазба белгісіндегі ақпаратты зерттеңіз. Көп жағдайда ол жерде бұйымды күтуге арналған ұсыныс болады. Этикетте күрткенің неден жасалғандығы жазылып тұруы мүмкін. Сыртқы қаптамаға жиі сыртқы әсерге қарсы тұра алатын синтетикалық мата қолданылады: полиэстер, полиамид, нейлон, экобылғары. Толтырғыш та синтетикалық (синтепон, холлофайбер) немесе табиғи (мамық, құс жүні, жүн) болуы мүмкін. Соңғысы ұқыпты күтімді қажет етеді, өндірушінің ұсынысын елемеуге болмайды. - Мамық күрткені жууға қарапайым кір жуғыш ұнтақ қолдануға болмайды. Оның орнына сұйық кір жуғыш құрал пайдаланыңыз. Ал табиғи толықтырғышы бар күрткеге арнайы құрал алған жөн. - Егер күрткеде табиғи тері (мех) бар болса, оны жуар алдында шешіп тастаңыз. Егер тері шешілмесе, жуып болған бойда және кебу процесінде оны сирек тістері бар тарақпен жақсылап тарау керек. - Егер тері боялған болса және ол күрткенің түсінен басқа болса, ондай күрткені химиялық тазалауға берген жөн. Әйтпесе, терінің түсі кетіп, күрткені бүлдіруі мүмкін. - Күрткенің қалтасы бос және жыртық еместігіне көз жеткізіңіз. Егер жыртық болса, міндетті түрде тігіп қойыңыз. Әйтпесе, толтырғыш бөлігі сол арқылы шығып кетуі мүмкін. - Күртке өзгеріске ұшырамас үшін оның алдын және қалтасын бекітіп, ал капюшонын ағытыңыз.