Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздіктер қатарында ұстаздар

Үздіктер қатарында ұстаздар

Дүйсенбі күні №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектепте «Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған» атты мұғалімдер күніне арналған апталықтың ашылу салтанаты өтті. Онда VІ облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанған білім қызметкерлерін марапаттады.
Аталған шараға білім бөлімі басшысы Жібек Орынбайқызы, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», алғашқы еңбек жолын аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған Әйелдер Кеңесінің төрағасы Нәйла Әбілқасымқызы, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Болат Мүбаракұлы, өз мамандығының шебері, аудандық, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпаздарын тәрбиелеген ардагер ұстаз, Бестам ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілда Ибраев қатысып, спортшы ұстаздарды жеңісімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Өңірдің барлық аудандары қатысқан спартакиадада үздік нәтиже көрсетіп, жүлдегер атанған 40 спортшы ұстазға білім бөлімінің арнайы дипломы мен білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің қолдауымен медальдар табысталды. Сонымен қатар ұстаздар үшін арнайы спорт формасы сыйға тартылды.
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, шара аясында ұстаздардың тәрбиелеген, спортқа баулыған жеңімпаз шәкірттері де марапат төрінен көрінді.

Г.ДҮЙСЕБАЙ
05 қазан 2023 ж. 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031