Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын

Жақсы іс көрсем сүйсініп, ризашылығымды білдіргім келіп тұратын әдетім бар. Биылғы жылы немерем оқитын №244 Ы.Жақаев атындағы мектеп ғимараты біраз жылдан бері ерекше әрленді. Дана бабамыз «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген тәмсілді бекерге айтпаса керек. Игілікті істі үлгі-өнеге ретінде айта білу бізге де парыз.
Аудандағы әрбір өзгерісті қалт жібермей, жолын айтып, жөнін түзеуге тырысатын «Kap Iogisties» ЖШС-нің «Шиелі-Сұңқар» филиалының директоры, мәслихат депутаты Д.Досмағанбетовты жұртшылық жақсы біледі. Даңқты дала диқаны Ы.Жақаев атындағы №244 мектепті әрлеп-сырлауға арнайы техника қарастырған азамат «Мектеп жайлы болмай, білім сайлы болмайды» деген қағиданы ұстанады екен. Осылайша, 1300-ге тарта бала білім алатын оқу ордасының сәнін келтіріп, оқушылардың жайлы мектепте білім алуына септігін тигізді.
Кәсіпкердің мұқтаж жандар мен аудандағы білім ордаларына жасаған игі істері де жетерлік. Қашанда қолында барын аямай, игілікті істердің айналасынан табылатын азамат оны жариялауды жөн көрмейді. Десек те, сауапты іске – самалдай есілген, тұлпардай көсілген кәсіпкердің жақсылығын жариялап, алғыс айтқанды жөн көрдік. Д.Досмағанбетов қашан да жұртқа жақсылық пен қайырымдылық жасауды, риза пейiлдi жандардың көзiндегi алғыс пен қуаныштан қуат алып, сол арқылы жанын рухани байытуды мұрат тұтқан жан. Ең үлкен марапаты – халықтан алған алғысы мен жинаған абыройы. Ақыл-ойдың кемеңгерi Әл-Фараби айтқандай, адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мiнез-құлыққа байланысты. Ендеше, ел алғысын арқалаған Дәурен де Жаратқан тарту еткен жақсы мiнез бен жомарт жүрегiңнiң арқасында толағай табыстарға жете беруіне тілекшіміз.

Әміртай Жұмабаев
28 қыркүйек 2023 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031