Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Несиеден несібе тапқан

Несиеден несібе тапқан

Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген көп адамға «Бастау-Бизнес» жобасы үміт сыйлады. Кәсіпкерлікке бағыт сілтейтін жобаның негізгі мақсаты – жұмыссыздар санын азайту. Бүгінде осы бағдарлама аясында аудан көлемінде қаншама тың идея іске асырылып, жаңадан жұмыс орындары ашылуда.
Осы ретте, дүйсенбі күні мемлекет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз гранттың комиссия отырысы өтті.
Комиссияға бақ сынап, кәсіпкер атанамын деген үміт жүгін арқалап келгендердің қарасы қалың. комиссия отырысына 169 адамның бизнес жобасы таныстырылды. Алдағы күндері комиссия отырысы өз жалғасын таппақ. Сонымен бірге комиссия мүшелерінің қойған сұрақтарына талапкерлердің бірі жауап берсе, енді бірі бизнес жобаларын қорғай алмады. Комиссия мүшелері дайындықсыз келген үміткерлерге келесі өтетін жобаға дайындалып қайта қатысуға кеңес берді.
Айта кетейік, өткен жылы ауданда 381 азаматқа 400 АЕК мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік грант берілген болса, биыл 149 азаматқа грант беру жоспарланып отыр. Ал кәсіпті нәсіпке балағандар «Fast food» орталығын, сұлулық салонын, автокөлік жөндеу шеберханасымен жуу орталығын, дәнекерлеу цехын, жартылай фабрикат өнімдерін өндіру цехын, кондитер цехын, жиһаз жасау және тігін цехын ашу, жем-шөп дақылдарын өсіру, жылқы, мал, омарта, құс шаруашылығын ашу бағытында бизнес жобаларын комиссия мүшелеріне таныстырды.

Дархан Байтілес
26 қыркүйек 2023 ж. 173 0