Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық аулаудан, бақ сынасты

Балық аулаудан, бақ сынасты

Тынымсыз тіршіліктен тыс, табиғат аясына шығып бір уақыт демалған да дұрыс. Балық аулау – демалыстың әрі спорттың ерекше бір түрі десек те болады. Таза ауада, тұнық судың бойында жүйкең демалып, иммунитеттің артатынын медицина да мойындайды. Осы ретте, сәрсенбі күні ардагерлер арасында балық аулаудан сайыс өтті.
Оған аудан әкімі Нұржан Ахатов қатысып, сайысқа қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.
Турнирге аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Ғани Есімов, аудандық билер кеңесінің төрағасы ­Болат Баймағанбет, кент ардагері ­Махамбет Әбіләкім, Ақмая ауылдық округінің әкімі Бағлан Сағындықов, БАҚ өкілдері қатысты.
– Бүгінгі ұйымдастырылып отырған турнир жоғары деңгейде өтті деп айта аламыз. Табиғат аясында тыныстап, өзіміздің замандастарымыздың басы қосылып, әңгімемізді айтып, керемет көңіл-күйде тарқастық. Алдағы уақытта да балық аулау сайысы өткізіліп тұрса, нұр үстіне, нұр болар еді. Енді осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан аудан әкімдігіне зор ризашылығымызды білдіреміз, – дейді ақсақалдар.
Айта кетейік, балық аулау сайысына 10-ға жуық ардагер қатысып, бақ сынады. Алғашқы орынды Әбіләкім Асанұлы, екінші орын Малкаджар Таубаев иеленсе, үшінші орынды Шағдар ­Саржанов еншіледі. Ал турнирге қатысушы ардагерлерге алғыс хаттар мен балыққа қажетті жабдықтар табысталып, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді.

Дархан Байтілес
25 қыркүйек 2023 ж. 141 0