Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛЫҚШЫЛАР БӘЙГЕСІ

БАЛЫҚШЫЛАР БӘЙГЕСІ

Жексенбі күні Бәйгеқұмдағы Ханқожа көлінде балық аулау­дан сайыс өтті. «Қысқы балық аулау» турниріне 50-ге тарта балықшы қатысты. Оның ішіндегі 5 азамат Шиелінің намысын қорғады.
Қаңтардың жаймашуақ күніне тұспа-тұс келген балықшылар бәсекесіне Шиелі ауданының әкімдігі, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Тұран-ТВ» телеарнасы, «Вдали от дома» ютуб арнасы мен «Қызылорда» супермаркеттер желісі, жеке кәсіпкерлер Қанжар Әзімбек пен Олжас Болатұлы қолдау білдірді. Ал жүлде қорында балықшыларға арналған шатырлар мен өзге де құрал-жабдықтар қамтылған.
Балық аулауды кәсіп қылып, нәпақа тауып жүргендер турнирдің ережесіне сәйкес қамданып, мұз астына қармақ салып, жүлделі орындардан көрінуге тырысты.
Қанжығалары майланған балықшылар ұйымдастырушыларға алғысын айтып тарқасты.

«Өскен өңір» ақпарат
01 ақпан 2023 ж. 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031