Көгілдір отыннан да қауіп бар
Апат айтып келмейді. Жалпы тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан елімізде жыл сайын түрлі қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Оның ішінде, көгілдір отыннан келетін қауіп те аз емес. Жылу маусымы таяған сәтте тұрғындар да пештің жай-күйін тексеріп, мұржа тазалауды ұмытпағаны жөн.
Жыл сайын елімізде 20-дан аса адам табиғи және сұйылтылған газдан уланып көз жұмады. Газ-баллон қондырғыларының жарылуынан қаза болатындар саны 40-қа дейін жетеді. Кей кездері бірнеше адам бір мезетте ажал құшып, жарақат алып жатады. Биыл аудан көлемінде 35 өрт оқиғасы орын алса, оның 24-і тұрғын үйде, 10-ы автокөлікте, қалғаны әр түрлі нысанда тіркелген. Өрт оқиғасы салдарынан 3 тұрғын үй толығымен өртеніп кеткен. Ал, өткен жылы 24 оқиға орын алып, оның ішінде 10-ы тұрғын үйде орын алған.
Жыл сайын елімізде 20-дан аса адам табиғи және сұйылтылған газдан уланып көз жұмады. Газ-баллон қондырғыларының жарылуынан қаза болатындар саны 40-қа дейін жетеді. Кей кездері бірнеше адам бір мезетте ажал құшып, жарақат алып жатады. Биыл аудан көлемінде 35 өрт оқиғасы орын алса, оның 24-і тұрғын үйде, 10-ы автокөлікте, қалғаны әр түрлі нысанда тіркелген. Өрт оқиғасы салдарынан 3 тұрғын үй толығымен өртеніп кеткен. Ал, өткен жылы 24 оқиға орын алып, оның ішінде 10-ы тұрғын үйде орын алған.
Қазіргі таңда аудан бойынша Шиелі кенті және Ы.Жақаев, Бидайкөл, Байсын, Н.Бекежанов, Ш.Қодаманов, Ақмая, Алғабас ауылдары толық көгілдір отынға қосылып, аудан халқының 68 пайызын құрап отыр. Биыл республикалық бюджеттен жалпы құны 2 млрд 875 млн. теңгені құрайтын (6 елді мекенде) Еңбекші, Жиделіарық, Алмалы, Ә.Тәжібаев, Досбол Датқа, Бестам ауылдарына газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерінің құрылыс жұмыстарына 1 млрд 531 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған елді мекендер газға қосылған жағдайда ауданның 78 пайызы күл шығарып, от жағу бейнетінен құтылатын болады. Иә, жасалып жатқан жүйелі жұмыстарға тұрғындар дән риза. Дегенмен көгілдір отынға келгенде сақтық шараларына немқұрайлы қарап, соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жататыны жасырын емес. Бұл мәселеге тұтынушы тұрғындар қазандықтарын жаңалап, мұржа сынды қажетті заттарын жаз айында қайта жаңалап алғаны жөн. Қазір ескіні пайдаға жаратып, шәйлыққа тиын-тебен болсын деген үмітпен, әлеуметтік желідегі дүкенге өзіміз тұтынған тауарды салып қоямыз. Жаңасын сатып алуға жағдайы жетпеген тұрғындар, тозығы жеткен пешті пайдалануға тура келеді. Ал, үнемдеуден шыққан үміттен, қаншама отбасы үнсіз ажал құшып жатыр. Мұндай жауапты нәрсеге немқұрайлы қарамай, әр кезеңде қажетті заттарын жаңалап отырса, апатты жағдайлар азаяр еді.
Бүгінгі таңда қайғылы жайттарды болдырмау мақсатында қандай шаралар жүргізіліп жатқанын білмекке аудандық төтенше жағдайлар бөліміне хабарласқан едік.
– Сараптама негізінде өрттердің басым бөлігі тұрғын үйлерде болатынын көрсетеді. Бұл жалпы өрттің 68 пайызын құрайды. Тұтынушылардың өрт қауіпсіздік ережелеріне селқос, немқұрайлы қарауынан және электр ақауларынан да болады. Тұрмыстық газ плитасында ас әзірлеу кезінде ұмытып бақылаусыз қалдыру, жанып жатқан пешті, қосулы тұрған электр жылытқыштарын бақылаусыз қалдыру, электр желілерінің қысқаша тұйықталуы, балалардың отпен ойнауы, ашық отты пайдаланудағы аңғалдық – өрттің шығуына бірден бір себеп жағдайлар. Бұл қауіпке көбіне мас күйінде жүрген жандар кінәлі болады. Газ плитаны қосқанда жалының түсін бақылаңыз, егер ол қызғылт сары болса бұл құрылғыда ақауы бар екендігін білдіреді. Бұл жағдай анықталғанда газ мамандарын шақырып, ақауды жою қажет. Жұмыс істеп тұрған газ плиталар мен су жылытқыштарын қараусыз қалдырмаңыз, жанып тұрған жалынның үсіне су құйылып кетпеуін немесе жалынды жел үрлеп, сөніп қалмауын қадағалаған жөн. 2023 жылғы 11 қыркүйек күні 05 сағат 50 минутта Шиелі кенті, Н.Бекежанов көшесіндегі уақытша тұрғын үйді (времянка) жалға алып отырған жалғызбасты ананың 2017 жылғы қызы мен 2020 жылы туған ұлы қаза болды. Болжам бойынша қаза болудың себебі ретінде табиғи газды меңзеп отыр. Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы.
Дархан БАЙТІЛЕС